«ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» АҚ салымшыларына арналған ақпарат - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

«ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ  БАНК»  АҚ  
салымшыларына арналған ақпарат
2015  жылдың 1 тамызында 2007 жылы банкротқа ұшыраған «Валют-Транзит Банк» АҚ салым­шыларына 5 миллион теңгеге дейін қосымша төлемдер жасауға мүмкіндік беретін Заң1 күшіне енді. 2015 жылғы 10 тамыздан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелері салымшылардың  «Валют-Транзит Банк» АҚ-тағы  депозиттері бо­йынша қосымша өтем алуға өтініш­терді қабылдауды бастады. Осы уақыт аралығында 4,2 мыңнан ас­там салымшы ақша­сын алу үшін хабарласты.
Сонымен бiрге, Банк Центр­Кредит арқылы Валют-Транзит Банкі салымшыларына қосымша өтемді төлеу мерзiмін 2016 жыл­дың 10 тамызына дейiн ұзар­туды көздейтін Қазақстанның депозит­терге кепілдік беру қоры және Банк ЦентрКредит арасында жасасқан қосымша келісімге 2016 жылдың 10 ақпан күні қол қойылды.
Осы орайда, депозиттер бойын­ша төлемдердің жалғасып жат­қанын «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының естеріне саламыз. Депозит бойынша 5 миллион теңгеге дейін қалдықты алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелердің тізімімен www.kdif.kz сайтында немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шұғыл желі номірі 8 800 080 10 20  арқылы таныса аласыз
«Банк ЦентрКредит» АҚ бөлім­шесінде келесі құжаттарды көрсету қажет:
• жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
• мұрагерлер үшін – мұраға құқығын растайтын құжаттар;
• өкілдер үшін – нотариуспен расталған сенімхат;
• Сіздің талап құқығыңызды растайтын өзге де құжаттар, жағдайға байланысты.
Өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ-на барлық растайтын құжаттарды өткізгеннен кейін «Валют-Транзит Банк» АҚ-нiң талаптарына сіздің құқығын растайтын кезде 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленетінін еске саламыз.
Толығырақ ақпаратты ҚДКБҚ-ның шұғыл желі нөмірі арқылы 8 800 080 10 20 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден тегін) немесе агент банктің бөлімшелерінен алуға болады.  
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 269
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px