Ғылымға бастаған жол - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ғылымға бастаған жол
«Ұлт жоспарын жүзеге асырудың «100 нақты қадамын» жүзеге асыруға өзіндік үлес қосуға ниеттенген дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектептің оқушылары ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке қатысты.

Мектептің 10-шы сынып оқушылары Бекет Жұмабеков, Ануар Жаппас, Марлен Сағындықов, Рысжан Ахметова, Аяжан Рамазанова «Ұлт жоспары – мемлекет Басшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бойынша «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбындағы алғашқы дәрісті тыңдады.  Семинарда философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев және экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Анар Есенгелдина және басқа да ғалымдар интерактивті үстелде тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қосымша мәлімет берді.  
Сондай-ақ, оқушылар ҚР Ұлттық музейі, «Астана Опера» театры, ҚР Тұңғыш Президенті музейімен егжей-тегжейлі танысты. Келесі күні «Индустрияландыру және экономикалық өсім-2», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз жұмыстарын ойдағыдай қорғап «Әлемді өзгертетін идеяларды» ұйымдастырушылардың жоғары бағасына ие болды.
Іс-шара соңында ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков оқушыларға табыс тілеп, «Біздің Президент» атты кітаптарды сыйға тартты.

 Раушан АЛИПОВА,
 Жамбыл атындағы
 мамандандырылған
мектеп-интернатының
 тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 182
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px