Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мүліктерді жария етуді жүзеге асыруда. Аталған акция аясында ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі, қазақстандық және шетелдегі жылжымайтын мүліктер жария етуге жатады. Жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылған.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер де­пар­таментінде мүлікті жария ету жөніндегі өтініштерді қарау жөніндегі комиссиялар құрылған, олар өтініш түскен күннен бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде тиісті шешім шығарады. Мемлекеттік кірістер қызметінің басшысы шешім шығарған сәттен бастап, мүлік жария етілген болып саналады.

Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің органдары қаражатты ағымдық есеп-шотқа салу жолымен жалпы сомасы 10 149,9 млн. теңгені жария ету жөніндегі 36 арнайы декларацияны, сондай-ақ, 10,0 мың теңгелік алым төлемақысын ұстай отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде орналасқан жалпы сомасы 100,0 мың теңгені құрайтын мүлікті жария ету жөніндегі бір арнайы декларацияны қабылдады. Бұдан тысқары, басқаның атына рәсімделген мүлікті жария етуге қатысты сомасы 48 005,0 мың теңге болатын бір арнайы декларация да қабылданып алынды.

Жоғарыда көрсетілген мә­ліметте айғақталғандай, бас­қа адамдардың атына жазыл­ған мүліктерді де жария етуге болады. Мүлікті жария етуге байланысты кез келген дерек­тер салықтық және банкілік құпия болып табылады. Соған орай, мүлікті жария етуге қатысты мәліметтерді үшінші бір тұлғаларға таратуға ешкімнің де, нақтылай түссек, мүлікті жария ету жөніндегі комиссия қызметкерлерінің, мем­лекеттік кірістер органдары, екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» бөлімшелері қыз­метшілерінің құқығы жоқ. Ондай ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қа­растырылған.

Акция қатысушысы болып үлгермеген адамдардың әлі де мүмкіндікті пайдаланып, өзінің мүлкін жария етуіне жеткілікті уақыт кезеңі бар. Туындаған сауалдар бойынша 41-09-44 телефон номеріне немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуға болады.

2017 жылы жалпыға бірдей декларациялау енгізілетінін ес­тен шығармаңыздар!

Ұсынылған жеңілдікті пайдаланып, өз мүліктеріңізді қазір жария етіп алуға асығыңыздар!

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 207
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px