Заманауи технологияларды меңгеру – уақыт талабы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Ал, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу», – делінген.

Демек, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғасыры. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты оқытушының осы сабаққа деген қызығушылығын тудыра білуінен басталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды.

Қазіргі таңда педагогтардың АКТ құзыреттілігін арттыруға жақсы жағдай жасалынған. Атап айтсақ, “Өрлеу” БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтында мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеруіне көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның ішінде біліктілікті арттыру курстары, вебинарлар тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. «Өрлеудің» 25 даму инновацияларын жүзеге асыру аясында 2016 жылдың 25 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтымен «Білім берудің үздік тәжірибелері» облыстық вебинар топтамаларынан «Үздік АКТ-тәжірибелері» атты облыстық вебинар өткізілді. Осы өткізілген вебинардың мақсаты – Қарағанды облысының білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қол­дануда үздік тәжірибелерін тарату және жалпылау болды.

Аталған институттың аға оқытушылары мен қызметкерлері АҚШ, Австрия, Ұлы­британия, Франция, Германия, Корея, Сингапур, Финляндия сияқты әлемнің ең дамыған мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырып келіп, өз тәжірибелерін ортаға салуда.

Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл – алдыңғы қа­тарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жас­тары білімді елдер тұратындығын білдіреді. Осыған байланысты, ұстаздардың алдында «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» – деп Елбасы көрсеткендей, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Қазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан, қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндікке қол жеткізсе, алдыңғы қатарлы ақпараттық технология-ны пайдаланып терең білім алса, сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.

Үсен МАЖЕНАҚОВ,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ ақпараттық технологиялар бөлімінің

бас маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 383
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px