Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 26.09.2017

Үздік оқушылар слеті
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

«Нұр Отан» партиясының «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы Сәтбаев және Жезқазған қалаларында «Үздік оқушылар» слетін өткізіп, жас жеткіншектерге  марапат жасады.

Партияның «Жастар – Отанға» атты бұл жобасы осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Оқу жылының ең үздіктері бес аталым бойынша анықталды. «Жұлдызды бүлдіршін», «Жас талант», «Жыл көшбасшысы», «Қала мақтанышы», «Озат түлек» аталымдары жеңімпаздарына арнайы лента тағылып, партияның атынан Мақтау қағаз бен сыйлықтар тапсырылды. Ал, Абай атындағы  мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Бақытжан Садырбаев оқу жылын үздік аяқтап, «Жыл оқушысы» аталымының жеңімпазы болды. Жеңімпаз түлекті қала әкімі Асқар Ыдырысов құттықтады. «Нұр Отан» партиясының «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов құттықтай келіп, жыл үздігіне арнайы тағайындалған 200 мың теңге ақшалай сыйлығын табыстады.
Жезқазғанда өткен осындай слетте Президент олимпиадасының және Халықаралық олимпиадала­р­дың бірнеше дүркін жеңімпазы, №4 мектептің 11 сыныбын бітіргелі отырған оқу озаты Алмаз Әлбатыров «Жыл оқушысы» атанып, «Нұр Отанның» 200 мың теңге сыйлығына ие болды.
СӘТБАЕВ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 458
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1181
count 88x31px