Жұмыс іздеп жүрсіз бе? - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жұмыс іздеп жүрсіз бе?
Қарағанды қаласы әкімдігі ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде Қарағанды қаласының 184 кәсіпорны мен ұйымы 945 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлайды.

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеуші азаматтардың бір-бірімен бетпе-бет кездесіп, тікелей тілдесіп, жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету. Жәрмеңкеде  жоғары білікті мамандар, арнайы орта білімді мамандарға сұраныс жоғары. Атап айтқанда, олардың арасында инженерлер, дәрігерлер, мұғалім, тәрбиешілер, тігінші, слесарь, электргазбен дәнекерлеуші, автокран жүргізушісі, машинистер бар. Сондай-ақ, біліктілігі төмен тұлғаларға  арнайы дайындықты қажет етпейтін жұмыстар да ұсынылды.
Жәрмеңкеге мақсатты топқа кіретін жұмыссыздар қатысты. Олар – мүгедектер, жетім балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, бостандығы шектелген орындардан шыққандар, 50 жастан асқан азаматтар, 29 жасқа дейінгі жастар.
Шара барысында «Бизнестің жол картасы-2020», «Жастар практикасы» бағдарламалары, әлеуметтік жұмыс орындары, атаулы төлемдер туралы ақпараттар, кеңестер берілді.

Қарағанды қаласының әкімдігі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 308
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px