Жаңа бағыт – жаңа мақсат - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жүсіпбек Аймауытовтың «Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек» деген сөздің маңызы бүгінде артып отырғаны хақ. Ұстаз үшін ең бас­ты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау емес пе? Ал, бұл әдістер қайдан келмек? Заман талабы жаңа педагогикалық технологияларды талап етіп отырғаны анық.

 

Әлемдік білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңарған білім берудің әдіс-тәсілдерін еліміздің білім саласына еңгізу - ұстаздар қауымы, яғни, біз үшін, жаңа көзқарастар қалыптастырып, біздің кәсіби деңгейіміздің дамуына жол ашуда. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа саналы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне байланысты. Қазіргі кезде менің алдымда тұрған мақсат, оқушыларымның алған білімдерін өмірде қолдана алатын бойына ұлттық құндылықтарды сіңірген жеке тұлғаны тәрбиелеу. Бұл жерде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың жаңа бағдарламаны жай ғана иеленіп қоймай, ол білімді қажетті жерде қолдана білуге үйрету өзекті мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасының маңызы зор. «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасында» Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын жаңартудың өзектілігі туралы ақпаратпен танысып, білім жетілдіру үстіндеміз. Бұл бағдарламаның тиімділігі - бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен танысу, бастауыш сынып пәндерін білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсіну және қолдана білу. Нәтижесінде жаңартылған білім беру бағдарламысының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын, бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білемін және критериалды бағалау жүйесін меңгеріп отырмыз.

Ж.АДАМОВА,

Ынтымақ жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

ЖАҢААРҚА ауданы

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 769
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px