Жаңа жабдық - жұрт игілігіне - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жаңа  жабдық - жұрт  игілігіне
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
 
Балқаш қаласындағы орталық аурухананың ота жасайтын бөліміне қуатты  жарық түсіріп тұратын қондырғы жеткізілетін күн алыс емес. Жыл басында орталық аурухана жапон Елшілігі дайындаған арнайы грантты жеңіп алды.

Алдымен жапон Елшілігінің арнайы өкілдері Балқаш қаласында болып, істің мән-жайымен қанықты. Бүкіл мәселе кәсіби тұрғыда шешілетін болды. Жаңа қондырғы арқылы отаны сапалы, әрі жедел түрде жасауға қол жеткізіледі. Сырқат ағзасының тез арада қалыпқа келуіне мүмкіндік жасалады.
Тағы бір жетістік – осы Балқаш қаласындағы орталық аурухана әкімшілігі, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігіне қарасты дәрігерлік орталық арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Енді бұдан былай Астананың дәрігерлері балқаштықтармен өзара тығыз қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасады. Астаналық дәрігерлер Балқашқа келіп, аса күрделі ота жасайтын болады. Сондай-ақ, балқаштық сырқаттардың Астанада қаралуына, емделуіне мүмкіндік жасалады.
Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 154
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px