Жалған кәсіпкерлік жарға жығады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жалған кәсіпкерлік жарға жығады
Жалған  кәсіпкерлік бү­гінде көлеңкелі экономикаға қақ­па болып отыр. Соның нәтижесінде, кәсіпкерлер жыл сайын  салық төлеуде жүз­деген миллиард теңгеден жалтарады. Олардың есепшоттарынан мемлекеттік бағ­­дар­ламаларға арналған бюджеттік қаражаттар ізі­қайым жоғалып, елде жем­қор­лықтың дамуына «нәрлі» топыраққа айналуда.
Есепшоттағы ақшаны қол­ма-қол ақшаға айналдырып бергені үшін % төлеу арқылы олар бұдан әрі де салық төлемеуге дәмелі. Алайда, қазіргі таңда Қарағанды облысы мемлекеттік кіріс­тер департаментінде  олар әлдекімге пайызын төле­гені­мен, түптің-түбінде  олар­ға бәрібір салықты толық көлемде төлеуге тура келетіндей жұмыстар жүр­гізілуде. Бұған қоса түрлі айыппұлдық санкцияларға заңгерлер мен адвокаттардың қызметі, жоғалтылған уақыт пен жүйкені қосыңыз.
2016 жылдың 1 сәуірін­дегі жағдай бойынша Қара­ғанды облысында ҚР ҚК 215 және 216 бабы бойынша 245 қылмыстық іс қозғалған. Аяқталған істер­дегі келтірілген зиян – 256 млн.теңге, оның – 84 млн.теңгесі өндірілді. Сотқа 16 іс жіберілді.
Жыл басынан бері сот шешімі­мен 5 жалған кәсіп­керлік танылды. Олармен 268 фирма 7 182 млн.теңгеге  өзара есепайырысу жүргізген.
Сонымен қатар, прокуратура органдарымен бірлесе, қозғалған қылмыстық істер аясында жалған кәсіпкерлік белгілері бар заңды тұл­ғаларды мемлекеттік тіркеуді жою бағытында жұмыстар атқарылуда.
Егер, тұлға кәсіпорынды немесе үшінші бір тұлғаға тіркеуде жалған кәсіпкерлікті тіркеу мәліметтері бола тұра жоққа шығарған жағдайда, мемлекеттік кірістер ұйым­дары прокурорға мемлекеттік тір­кеу немесе ондай субъек­тілерді қайта тіркеуді болдырмау туралы сотқа өтініш бере алады.
Жалған кәсіпкерлік бел­гісі бар 20 заңды тұлға тіркелмеді. Сот қарауында 40 талап-арыз жатыр.
15 фирма бойынша 255  ескер­ту жіберілді. Оларда есептелген ҚҚС – 4 521 млн. теңге. Қалған 5 фирманы МКД веб-сайтындағы тіркеуі заңсыз деп танылған салық төлеушілер тізіміне енгізу  бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер департаменті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 157
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px