Жалпы ереже - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жалпы ереже
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚАКСР революциялық Трибуналдың (Жоғарғы Соттың) тұңғыш төрағасы, Юстиция халық комиссары, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Нығмет Нұрмақовқа орнатылатын ескерткіштің ең үздік жобасына жарияланған ашық байқаудың ережесі.

Қарағанды  қаласындағы «Нығымет Нұрмақов» жеке қайырымдылық қоры Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосында орнатылатын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚАКСР революциялық Трибуналдың (Жоғарғы Соттың) тұңғыш төрағасы, Юстиция халық комиссары, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Егіндібұлақ өңірінің тумасы, жерлесіміз Нығымет Нұрмақовқа орнатылатын ескерткіштің ең үздік жобасына  ашық байқау өткізеді.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының көрнекті перзенті, сталиндік  қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған, Н.Нұрмақовтың тарихи тұлға-бейнесін толық ашатын ескерткіштің ең мәнерлі мүсіндік-көркемдік шешімін табу.

Байқауға ұсынылған жобалар жоғары идеологиялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы және ансамблдік үйлесімді шешімдері толығымен байқау талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Ескерткіштің ең үздік жобасына іріктеу өлшемдері:
– жоғары көркемдік деңгейі, эстетикалық өрнектілігі, идеологиялық мазмұндылығы, көркемдік тұтастығы және бірегейлігі.
– ескерткіш алыс жетеберістер мен кіреберістерде әдемі ашылып көрінуі және ескерткіш алаңына басым композициялық  панорама ретінде қызмет етуге тиіс.

Байқауға жіберілетін материалдарды рәсімдеуге қойылатын ұсыныстар мен талаптар:
Байқауға қажетті материалдардың арасында келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
1) 1:100 метрден кем емес орналасқан ахуалдық сызба;
2) 1:500 метрден кем емес бас жоспар;
3) 1:50 метрден кем емес пішіні (сыртқы көрінісі, кескіндемесі (сұлба);
4) м. 60х80см планшетте орындалған алдыңғы  (қасбеттік) жағы және мүсіннің негізгі үлгісі;
5) 1:10 метрден кем емес модел жобасы ( эскиз моделінің  материалы автордың таңдауы бойынша)
6) Ескерткішті жобалау мен оның кеңістігін ұйымдастырудың негізгі идеялары мен принциптерін  бір жол аралығы бар «TimesNewRoman»  №14 қарпі мөлшерімен терілген 2 беттен аспайтын, 2 данадағы түсіндірме жазба болуы тиіс;
7) Жобаның авторы туралы ақпарат (аты-жөні, мекен-жайы, телефон) мөрленген конвертпен (мөрмен) жіберіледі.

Барлық графикалық жұмыстар  м. 60х80см планшетте ұсынылуы тиіс. Графикалық орындау әдісі – түсі, макет пен мүсіннің техникасы және материалы – авторлардың қалауы бойынша.

     Байқаудың шарттары:
Байқауға қатысуға авторлар және авторлық ұжымдар шақырылады.
Кейіпкердің бейнесін толық ашу, мүсіннің құрылымын және физикалық қасиеттерін анықтау үшін қатысушыларға Н.Нұрмақовтың өмірі және қызметімен, мүсіннің орналасу орнымен танысу қажет.
Ескерткіштің орнатылатын орыны: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы.

Ескерткіштің биіктігі: адамның 1,7 табиғи мөлшері. Ескерткішті дайындау материалы – қола.
Байқаулық жобалар алты таңбалы санмен көрсетілген девизбен ұсынылады. Девиз байқауға ұсынылған жобаның  жоғарғы оң жақ бұрышында және  конвертте жазылады (биіктігі 1 см.).
 
Авторлар байқау материалдарын баспасөзде хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күн ішінде Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 73А, жіберуі қажет ,тел 8(7212) 425828, 87765808888, 87077808888.
Немесе Авторлар 2016 жылдың 25 наурызына дейін өз қолымен тапсыруы қажет.

Байқаудың шарттарын бұзып ұсынылған жобалар байқауға рұқсат етілмейді және байқау төрелігімен қаралмайды.
Қорға демеу көрсетіп атсалысамыз деушілерге  және байқау жөнінде қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 А үй, 101 кабинет, Нығмет Нұрмақов қайырымдылық қорының президенті Әділбеков Сәтбек Нүркенұлы, телефоны 8(7212) 425828, 87765808888, 87077808888, факс 425828.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 249
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px