Жарқын күннің жарасымы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жарқын күннің жарасымы
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін біздің облыс та ерекше тойлады. Қарағандыдағы орталық сая­бақта ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қатысып, аймақ халқына құттықтауын жеткізді.

– Қасиетті Сарыарқа даласы – жүзден астам этностың алтын бесігі. Бірлік пен бауырластықтың біте қайнасқан ортасы. Өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде этно-мәдени орталықтар өкілдерінің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің рөлі ерекше. Әлемде теңдесі жоқ бұл ұйымдар өмірдің барлық саласын бір арнаға тоғыстырып, қоғамдық тұрақ­тылықты нығайта түсуде – деді Нұрмұхамбет Қанапияұлы.
Биылғы жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясы өтті. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» тақырыбындағы жиын бекем бірлікті тағы бір мәрте ту етті.
Аймақ басшысы осы жиында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің қабылданғанына ерекше мән берді. Себебі, құжатта әрқайсымыз үшін аса құнды түсініктер айқындалды. Отбасымыздың амандығы, қонақжайлық пен еңбексүйгіштік. Тұрақтылық, қауіпсіздік пен ауызбіршілік. Сондай-ақ, ертеңгі күнге деген сенім!
Облыс басшысы өз құттықтауын: «Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі облыс тұрғындары үшін, тек, келісім мен сыйластықтың ғана үлгісі болып қоймай, жарқын болашақты жақындата түседі. Бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға қосқан сүбелі үлестеріңізге алғысым шексіз» деп толықтырды.
Биылғы мерекеде де игі дәстүр жарасымды жалғасын тапты. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков этно-мәдени бірлестіктерді дамытуға арналған сыйақыны салтанатты түрде табыс етті. Осылайша, 24 этно-мәдени бірлестікке 700 мың теңгеден сыйақы алды.
Орталық саябақта халықтық-қолданбалы өнер көрмесі де халықтың назарына ұсынылды. Облыстағы мәдени бірлестіктердің, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің және Кеншілер мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген мерекелік әуенді-сазды бағдарлама да көптің көңілінен шықты.
Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 181
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px