Жарты жылда – оң нәтиже - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

«Президент тапсырмалары бар­лық бағдарламалар әкімшілері мен әкімдердің жіті назарында болуы керек. Экономикалық өсім тұрақталды. Енді, осы көрсеткіштерді сақтап қалуымыз керек. Жұмыс орындарын сақтап қалу, еңбекақы және өзге де мәселелер күн тәртібінен түспейді»,– деді Кәрім Мәсімов.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдегендей, Үкімет пен Ұлттық банктің дер кезінде қабылдаған дағдарысқа қарсы шараларының нәтижесін­де, ел экономикасы алғашқы жартыжылдықта оң нəтижелерге қол жеткізген. Яғни, құрылыс қарқы­ны – 6,6%-ға, көлік қызметтері – 4,3%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,7%-ға артқан. Осылайша, ішкі жалпы өнім көлемі 0,1%-ды құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 8,5%-ға ұлғайған. Министрдің мәліметінше, оң өзгерістерге «Нұрлы Жол» жəне индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы қол жетті.

Сондай-ақ, соңғы алты ай ішінде орташа айлық еңбекақы көлемі 9,9%-ға артып, 133,5 мың теңгені құраған. Аймақтардағы экономикалық өсім бойынша көш басында Ақмола облысы тұр. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары жайғасқан. Бұған қоса, биыл елдегі республикалық маңызы бар бірқатар нысандардың құрылысы аяқталды. Бірі – біздің облыстағы «Жезқазған-Бейнеу» жəне «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол желілерінің мəреге жетуі. Қызылорда облысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры салынып, «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісі де іске қосылды. Алматы облысында «Алматы-Өскемен» жəне «Алматы-Қорғас» автожолдары жөнделді.

Елдің Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндағандай, аталған министрлік бұған дейін экспортқа бағытталан 8 секторды анықтап алған. Олар – қара жəне түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай-химия жəне агрохимия, автокөлік құрастыру жəне электротехникалық машина құрастыру, сондай-ақ, азық-түлік өнімдері. Негізгі мақсат – экспортты арттыра отырып, еңбек өнімділігін 22%-ға ұлғайтып, негізгі капиталға салынатын инвестицияны 2015-2019 жылдар аралығында 4,5 триллион теңгеге жеткізу. Ал, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мыр­захметовтің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өт­кен жылдың дəл осы кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті. Егіс алқаптарының көлемі де 21,6 миллион гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда, 448 мың гектарға ұлғайған.

Өз тілшімізден.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2511
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px