ЖАСАМПАЗДЫҚ РУХЫМЫЗДЫ ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

2016 жылғы 30 маусымда облыстық әкімдіктің конференц-залында облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан ИМАНОВТЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті ІІІ сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, жергілікті мәслихат хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Сессия жұмысында келесі мәселелер қаралды.

1.2015 жылғы облыстық бюджеттің орындалысы туралы есепті бекіту туралы.

2.Қарағанды облыстық мәслихаты ХХІІІ сессиясының 2014 жылғы 27 наурызда қабылдаған №257 «Қарағанды облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жайы және болашақ дамуы туралы» шешімінің орындалысы туралы.

3.Облыстық мәслихаттың XL сессиясының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №452 «2016-2018 жылдарғы облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы О.Чернявская есеп берді.

Бюджет заңдылығына сәйкес 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалысы Қарағанды облысы әкімдігінің мәжілісінде, қоғамдық кеңесте, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында қаралған.

– 2015 жылға арналған облыстық бюджет облыстық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарғы облыстық бюджет туралы» шешімімен 171,1 млрд. теңге көлемінде бекітілді.

Жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік-құқықтық актілерін жүзеге асыру бойынша 5 нақтылау мен 13 түзету енгізілді. Бюджетті бұлайша нақтылаудың негізіне Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырыстары, республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферт пен несиелер көлемінің өзгеруі алынды.

Соның нәтижесінде түзетілген облыстық бюджет 167,8 млрд.теңгені құрады.

Облыстық бюджетке түскен түсімдер 163, 4 млрд. теңге сомасында болды.

Облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 163,1 млрд. теңгені құрады.

Бұл мәселе бойынша Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Б.Нажмиденов, Қарағанды облысы тексеру комиссиясының төрағасы С.Өтешев есеп берді.

Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша жарыссөзге депутат А.Түкбаева қатысты.

Екінші мәселе бойынша Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Ляпунов баяндады.

Қарағанды облысының жылу-энергетикалық кешеніне 9 жылуэлектр станциясы кіреді. Оның белгіленген қуаты – 2301 Мвт, немесе еліміздегі тұтынатын қуаттың 12%. Ал жылу қуаты 4667 Гкал құрайды, бұл елімізде тұтынатын жылу қуатының 20%.

– 2015 жылы Қарағанды облысы бойынша электр қуатын өндіру 11,2 млрд.кВт/сағаттан 12,5 млрд. кВт/сағатқа ұлғайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық.

Қысқы жағдайда жылу көздерін, электр, жылу, су, кәріз жүйелерін дайындау бойынша 40 млрд. теңгеден астам қаржы игерілді (49,8 млрд. теңге – 2014), жоспарлы жұмыстың бәрі орындалды.

2015 жылдың басынан бастап облысымыздың энергетикалық кешеніне 131,9 млрд. теңге инвестиция құйылды. Бұл қаражатқа ТЭЦ-3 энергия блогының құрылысы, ЖТЭЦ және БТЭЦ «Казахмыс Энерджи» ЖШС станциялары қайта жарақталды, – деді баяндамашы.

Соның нәтижесінде жылу жүйесінің тозуы 70%-дан 61%-ға, электр жүйесінің тозуы 68% -дан 61,2%-ға, су жүйесінің тозуы 78%-дан 76,6 %-ға түскен.

2015 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының қайта жарақтау жұмыстарына ұлттық қор қаражаты есебінен бюджеттік несиелеу арқылы қаржы бөлініп, 2,007 млрд. теңгені құрайтын 8,6 шақырым жылу жүйесінің қайта жарақталуы аяқталды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығындағы 385 тұрғын үйдің (1213 тыс.шаршы м) жылумен қамтылуы жақсарып, 25,7 мың Гкал үнемделді. Жол картасы бойынша Осакаров ауданының Молодежный кентінің 1,3 шақырым жылу жүйесі жөндеуден өтіп, 30 млн. теңге игерілді. Ағымдық жылда осы бағдарлама аясында 324,0 млн. теңге игерілмекші.

Инвестбағдарламаны жүзеге асыру аясында ТЭЦ-3 энергия блогы аяқталып (№8 қазандығы, №6 турбинасы), станцияның қуаты 110 Мвт-қа, жылуы 185 Гкал-ға артты. Биыл Жарық кіші станциясының екінші кезегі пайдалануға берілмекші.

Бүгінде түгелдеу жұмыстарының нәтижесінде 289 шақырым иесіз электр жүйесі анықталып отыр. Қарағанды қаласы мен Қарқаралы ауданы қажетті жұмыстарды жүргізіп өз баланстарына 200 шақырым электр, 14 шақырым жылу жүйелерін алды. Басқа да әкімдіктер осындай жұмыстар жүргізуде.

Бұл мәселе бойынша салалас тұрақты комиссиясының атынан депутат Б.Базарбаев сөз сөйледі.

Үшінші мәселе бойынша экономика және қаржы басқармасының басшысы О.Чернявская есеп берді.

Дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңдылығына кіргізген өзгерістерінде жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бағалы қағаздар шығару құқы берілгендігі белгілі. Мұның өзі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта Қарағанды облысының әкімдігі 888 млн.теңгенің бағалы қағазын шығармақшы. Бұл сома Қарағанды қаласындағы несие үйлерді қаржыландыруға бағытталатын болады.

Сессия соңында облыс әкімі Н.Әбдібеков сөз сөйлеп, 2015 жылдың облыс жұртшылығына оңай тимегендігін, жаһандық дағдарыстың өңір экономикасына айтарлықтай нұқсан келтіргендігін, соған қарамастан елдің жасампаздық рухын жоғалтпай, ел игілігін арттыру жолында аянбай еңбек еткендерін, осы жолда атқарушы органның өкілетті органмен бірлесе қимылдап, алға қойған міндеттер үдесінен шыға алғандығын тілге тиек етіп, депутаттық корпуспен алдағы уақытта түсіністікпен жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Сессияда барлығы 21 мәселе қаралды.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 716
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px