«Жеңіс» саябағында – жаңа аллея - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Жеңіс» саябағында – жаңа аллея
Осыдан үш жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленді. Жуырда «Жеңіс» саябағында осы мерекеге орай Қарағанды облысы мемлекеттік қызметшілерінің аллеясы ашылды.
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Игі бастамаға мұрындық болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қарағанды облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті.
 – Министрлік тарапынан жыл сайын осы мерекеге орай түрлі шаралар өткізіліп келеді. Бүгін біз саябақ әкімшілігімен келісе отырып, мереке қарсаңында осы аллеяны ашуды жөн көрдік, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсенов.
Маусым айында өтуі тиіс мерекенің мамырда басталғаны да тегін емес. Мемлекеттік қызметшілер бұл акцияны өткізбес бұрын саябақ әкімшілігімен және «PosadiDerevo.kz» РҚБ-мен бірге жоспарлап, ағаштың қай түрін, тіпті, қай мезгілде отырғызуға дейін ақылдасқан. Саябақ әкімшілігі арнайы орын белгілеп, ағаш егуге қажетті құрал-саймандармен, суару машинасымен қамтамасыз етіпті. Сөйтіп, аллеяның ажарын арттыруға да үлкен көңіл бөлінген. Қырыққа жуық қызметкер акация, долана, қарақат сынды алпыс түп ағаш отырғызды. Күтімді саябақ әкімшілігі жасайды. Енді бұл бастама дәстүрге айналып, жыл сайын Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында аллеяға ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілетін болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 468
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px