Жеңіс тұғырында - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жеңіс  тұғырында
Жуырда Қарағанды қаласы мектептерінің оқушылары арасында «Былғары доп – 2016» жарысы өткізілді. Жеңіс тұғырынан №57 лицей шәкірттері көрінді.
Қалалық іс-шарада 2003-2004 жылдары туған балалар өзара бақ сынасты. Спортты серік еткен жас буын өзара тартысты ойын көрсетті. Футбол ойынына деген қызығушылықтарының басым екендігін аңғартты.
№61 мектеп қабырғасында өткен жарысқа қаланың 8 мектебінің жас спортшылары қатысты. Нәтижесінде, №57 лицейдің оқушылары қара үзді. Бірінші орынды еншілеп, жеңімпаз атанды. Бұған қоса, лицей шәкірттері облыстық жарысқа жолдама алды.
Жеңіске жеткен №57 лицей құрамасының жаттықтырушылары – Сымбат Әбілқасымов және Жандос Теміржанов.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 207
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px