Жедел-іздестіру жемісін беруде - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жедел-іздестіру  жемісін  беруде
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»
Кеше Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер департаментінде бюджеттік қаражатты ұрлауға қатысты қылмыстық істер бойынша дөңгелек үстел өтті.

Өткен жылы департаменттің экономикалық тергеулер қызметінің өндірісінде 104 қылмыстық іс болған. Соның ішінде, мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде 60 қылмыстық іс орын алғаны белгілі болып, 22 іс жедел түрде анықталған. Өндірістегі 81 іс ақталып, сондағы 55 іс қылмыстық істер сотына жіберілді. Ақталуы мүмкін емес негізде 26 іс тоқтатылды. 108 млн. теңге көлемінде зиян келтірілгені расталып, 53 млн. теңгенің орны толтырылды. 20,5 млн. теңге көлемінде мүлікке тыйым салынды. 43 мемлекеттік мекемеде 28 млн. теңге көлемінде бюджеттік қаражатты ұрлаған Төлеуов, Әміренов, Килеевтің қылмыстық топтары құрықталды. Айыптылар түрлі мерзімдер бойынша бас бостандығынан айырылды. 2,6 млн. теңге көлемінде бюджеттік қаражатқа қол салған №74 орта мектептің директоры А.Қадірбековке қатысты қылмыстық іс процессуалдық келісіммен аяқталды. Сегіз мемлекеттік мекемеде қаражат ұрлаған «Қазстройсервис» ЖШС басшысы П.Салтаевқа қатысты қылмыстық іс ақталуы мүмкін емес негізде тоқталды.
Квазимемлекеттік сектордағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласы бойынша өндірісте 22 қылмыстық іс болып (ұлттық компаниялар бойынша – 18, даму институттары бойынша – 4), солардың жетеуі жедел түрде анықталды. Өндірістегі 11 қылмыстық іс аяқталып, соның бесеуі сотқа жіберілсе, алтауы ақталуы мүмкін емес негізде тоқтатылды. 109,3 млн. теңге зиян келтіріліп, 106,3 млн. теңгенің орны толтырылды. «Қарағанды Су» КМҚК-ден 5 млн. теңге көлемінде жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактісі бойынша М.Кенжетаевқа қатысты іс сотқа жіберілді.
Департаменттің экономикалық тергеулер қызметімен бюджеттік қаражаттарды ұрлау фактілерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары үнемі жүргізіледі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 194
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px