Жекешелендіру жоспарлы жүргізілуде - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Аталған тақырып бойынша Қара­ғанды облысының мемлекеттік актив­тер және сатып алу басқар­масының басшысы Мұрат Кадеков баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2014-2016 жылдар аралығында жекешелен­дірудің кешенді жоспарының жүзеге асуынан келіп түскен қаражат 88,3 млн. теңгені құраған. Облыстық коммуналдық жекеменшіктің мүлкі 70,1 млн. теңгеге сатылған.

Биылғы жылғы 2 наурызда 2016-2020 жылдарға арналған жеке­ше­лендірудің Республикалық жа­ңа кешенді жоспарына сәйкес, көрсе­тілген мерзім аралығында жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізімін бекіту жөнінде облыстық әкімдіктің Қаулысы қабылданды. Қазіргі күні заңды тұлға­лардың мүліктік кешенінің нарық­тық бағасы есептеліп, дайын­дық жұмыстары жүргізілуде. Соны­мен қатар, 2014-2016 жылдары жекешелендірілмеген нысандар да тізімге енгізілген.

Сөйтіп, 2016-2020 жылдары Қа­рағанды облысында 41 ұйым же­ке­шелендіруге жатқызылған. Со­ның ішінде 9 облыстық және 32 аудандық (қалалық) коммуналдық меншік бар. Бұл ұйымдарды элек­трондық коммерциялық тендер немесе аукцион тәсілдерімен сату жоспарланып отыр. Негізгі талап – қызмет саласының сақталуы. Со­ны­мен бірге, 2015 жылдың 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің Қаулы­сына сәйкес, жергілікті атқару орган­дары нысандарды мемлекеттік-жеке­меншік серіктестік ретінде жүзеге асыра алады.

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде жылжымалы мүліктерді сату жұмыстары да жүргізіледі. Квазимемлекеттік сектордың субъ­ектілерін және мемлекеттік жыл­жымайтын мүлік объектілерін оңтай­ландыру мәселелері жөніндегі комиссия шешімі бойынша, Қара­ғанды облысында 75 нысан жеке­шелендіруге жатады.

Аппараттық жиында соны­мен қатар, мүлікті жария ету жұмыс­тарының бүгінгі жайы да сөз болды.

Биылғы жылғы 24 наурызға дейін әкімдіктердегі арнайы комиссиялар мүлікті жария етуге қатысты жалпы сомасы 12 млрд. 126,2 млн. теңгені құрайтын 865 өтініш қабылдады. Соның 522-сі қайтарылып, жалпы сомасы 5 млрд. 534,6 млн. теңгені құраған 336 өтініш оң шешімін тапты.

Жалпы сомасы 2 млрд. 837,7 млн. теңгені құрайтын 165 нысан ең көп жария ету ретінде Қарағанды қаласында тіркелген. Жезқазғанда құны 267,9 млн. теңгені құрайтын 46 нысан, Теміртауда құны 350,9 млн. теңгені құрайтын 38 нысан, Бұқар жырау ауданында 841,9 млн. теңгені құрайтын 17 нысан және Абай ауданында жалпы сомасы 79,6 млн. теңгені құрайтын 13 нысан жария етілген.

Экономика және қаржы бас­қармасының басшысы Ольга Чернявская айтып өткендей, облыс аймақтары берген мәлі­метке сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін қала және аудан комиссияларымен ҚР аумағында орналасқан 332 нысан жария етіледі деп болжам жасалуда.

Мемлекеттік кірістер депар­таментінің басшысы Азамат Ахметовтің мәлімдеуінше, мем­лекеттік органдарда мүлікті жария ету арнайы декларацияның ұсы­нылуымен жүзеге асады. Бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер депар­таментінде Қарағанды облысы бойынша жалпы сомасы 4430,0 млн. теңгені құрайтын 13 арнайы декларация қабылданған.

Мүлікті жария ету акция­сының ақпараттық наси­хат­талуы туралы ішкі саясат басқармасының бас­шысы Нұр­лан Рыстин баян­дама жасап, бүгінгі күні аталған акцияға қатысты 1307 мақала, 402 бейнематериал жарық көргенін, сонымен қатар, радио, ғаламтор ресурстарында жұмыстар жүр­гізілетінін, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен бейнемәслихаттар өткізілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге, облыста аталған тақырыпқа қатысты 58 банер орнатылған.

Жиын соңында аймақ бас­шысы қала және аудан әкім­дерінің есебін тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 188
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px