Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ,

«Орталық Қазақстан»

Кейінгі жылдары элиталық үлгіде салына бастаған осы көшеге көпшілік қызыға қарайтын. Көз жауын алар қызыл шатырлы үйлерде тұру кез келген қарағандылықтың арманы десек, артық айтқандық емес. Бірінші сәуір күні сол көшеден жік шықты, екі құлағы тік шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастап, тәртіп сақшылары қоштап жетінші үйдің ауласына жиылды. Салынғанына небары үш-ақ жыл уақыт өткеніне қарамастан, аталмыш үйдің қабырғалары қақырап, құлауға айналған. Ал құрылыс жүргізген құрылтайшысы "Сервиспромснаб" ЖШС-ның басшысы Андрей Малянов елдің салған қаржысын қалтаға басып, әлдеқашан шетел асып кеткен. Қазір халықаралық іздеуде.

Ендігі сұрақ – бесобалықтардың обалы кімде? Қараптан-қарап тақырға отырған қара халық қаржысын кімнен даулайды? Әзірге билік пен өкілетті органдар тарапынан жауап жоқ...

Қағытпа

Ертеде құлап қалған үй­дің не себепті қирағанын білу үшін құрылысшы кәріне мініп, жанды, жансыз зат­тардың бәрін тергей бастапты. Сұрақ бірінші боп үйдің шатырына қойылады.

Неге құладың?

Кешіріңіз, өзгесі құлағанда мен ауада қалықтап қалмайтын шығармын, – дейді ол сызданып.

Одан кейін қабырғалар қатаң тергеуге алынды.

Сен неге құладың?

Менен төмендегілер құлап жатқанда мен қалай құламайын,– дейді ол да ашуланып.

Құрылысшы кінәліні тапқандай болып, бар гәп осы іргетаста деп үйдің іргетасын іздей бастайды. Олай іздеп, былай іздеп таппаған соң анадай жерде қапта дөңкиіп жатқан цементті бас салып, сұрағын соған қояды:

Сен неге үйді ұстап тұрмадың?

  • Кешіріңіз, бұл құрылысқа менің мүлде қатысым жоқ,– деп жауап бе­ріпті ол.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 709
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px