Жол сапасы –халық игілігі - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Биыл Қарағанды облысы бойынша 529 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 38,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы бейсенбі күні жол-құрылыс маусымын өткеру бойынша ҚР Президенті жанындағы коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында өткен брифингте айтылды.

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділдә Санаубаровтың айтуынша, жол құрылысын ретке келтіру – жол қозғалысының жақсаруына көмек, оған қоса, облыс бойынша 2000 астам адамды жұмыспен қамтиды.

Жалпы, осы уақытқа дейін облысқа қарасты жолдар бойынша 172 шақырым, қала, аудандар бойынша 29 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл ретте Абай, Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра аудандары және Қаражал, Теміртау, Жезқазған, Саран, Балқаш, Шахтинск, Приозерск қалаларын қамту көзделген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде 2,7 шақырым жолды жөндеу қарастырылған. Бұл тізімге Шет ауданына қарасты Бұрма және Жұмыскер ауылдарының жолдары еніп отыр. Сондай-ақ, Нұра ауданына қарасты Жараспай – Изенді бағытындағы автожолға 780 млн. 221 мың теңге, ал, Қарағанды – Саран бағытындағы Соқыр көпірінің жөндеу жұмыстарына 10 млн. теңге қарастырылған.

Қанат ШАЙМИН, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры:

– Бүгінгі таңда басқарма және Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтымен бірге автомобиль жол­дарын жөндеудің жаңа технологиясы бойынша тығыз жұмыс жүруде. Ресейдің БМ-3М және шведтердің «Велфикс» өнімдері қолданылуда. Асфальт жолдарды жөндеуге сұйық катионды битум қоспаларын құю әдістері бойынша Қазақстанда шығарылған «АльфаДоб» өнімдері қолданылып, жолдың сапасын арттыруға мән берілуде. Қоспалар арқылы асфальттың беріктігі, ыстық битум төсеу арқылы жол бетінің төзімділігі артады.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мамандар жолдың сапасын арттыру мақсатында тереңдігі 40 мм дейін жететін мұнай майларынан әзірленген «Reclamite» атты асфальтбетонды жабынды қолданатынын айтты. Ағымдағы жылы қаладағы Терешков және Попов-15 көшелерінің қиылысындағы магистраль жолдарды асфальтбетондау үшін осы құрамды пайдалану жоспарланыпты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2542
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px