Жолдаудан туындаған міндеттер жүйелі іске асады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жолдаудан туындаған міндеттер
жүйелі іске асады
2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында елімізге дағдарысты еңсеруге мүмкіндік беретін бес негізгі бағытты айқындап берді.
Сол бағыттың бірі – бұл экспорттық табыстардың құйылу­ын қамтамасыз ететін жаңа драйверлерді қалыптастыру ес­ебінен жоғары экономикалық өсімі бар жаңа инвестициялық саясат негіздері.
Барша мемлекеттік ұйым­дарға елдің географиялық орналасуын, минералды ресурстар мен саяси тұрақтылығын мейлінше тиімді пайдалану туралы міндеттер қойылды.
Осыған байланысты бюд­жеттің түсімін қамтамасыз ету мақсатында құрылған мем­лекеттік кіріс ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыруда және инвестициялық климатты жақсартуда  бизнес әкімшілік  сал­мақты тікелей төмендету үшін барлық қажетті шаралар қабыл­дануда.
Экспорттық-импорттық опер­ация­ларға арналған құжаттар айтарлықтай азайды, ең бастысы, заңнамамен бекітілді. Мәселен, тауарды экспорттағанда – 3 құжат (көліктік жүкқұжаты, ком­мерциялық инвойс, экспортқа кедендік декларация), импорт­тағанда – 5 құжат (көліктік жүк­құжаты, коммерциялық инвойс, импортқа кедендік декларация, тауарларға сәйкестігін растайтын құжат, транзиттік декларация) (тауарларды транзиттеген жағдайда) керек.
Тәуекелділіктерді басқару жүйесін қолдану жағдайы да түбе­гейлі қарастырылды, сыртқы экономика қызметіне қатысушылары категориялау механизмі ен­гізілді. Олар үш категорияға бөлінеді: төмен, орташа және жоғары тәуекелді. Сөйтіп, СЭҚ қатысушыларының төменгі тә­уекелді категориясы кедендік рәсімдеуді «жасыл дәліз» бойынша өтеді, яғни, кедендік бақылау түрін қолданбайды.
2015 жылдан сыртқы шек­араның  қазақстандық учаскесінде бақылаушы ұйымдарды қысқарту мақсатында және кедендік бақы­лаудан өтуді жеңілдету үшін  мемлекеттік кіріс ұйымдарына көліктік, санитарлық- каран­тиндік, ветеринарлық және фито­санитарлық бақылау  қызметтерін жүзеге асыру құқықтары берілген.
ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетімен бір­лесе, тауарлардың кедендік бақы­лауында инвестицялық жобаларды жүзеге асыру үшін «жасыл дәлізді» қолдана алатын экономиканың басымдық берілген секторларында инвесторлар тізімін ұсыну туралы бұйрыққа қол қойылды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «300 ірі салықтөлеушіге жасыл дәліз» жобасы жүзеге асты, бұл жобаның аясында мұндай салықтөлеушілерге кедендік бақылау тауарларды тазалау кезеңінде емес,  кедендікбекет кезеңі арқылы жүзеге асады.
Алдын ала ақпарттандыру үрдісі қолданылады (жалпы көлемнен қамтитын болады, автокөліктік – 94 пайыз, теміржол көліктік – 70  пайыз).
Қазақстан Республикасының Еуропа мен Азия арасында стратегиялық орналасу мүм­кіндігін пайдалану есебінен 2015 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында «Сенім» жобасын іске асыру басталды. Жобаның мәні – Қазақстан-Қытай, Қытай- Орта Азия, Қытай-Еуропа қатынасында бәсекеге қабілеттілікті, бағыттың тартымдылығын  арттыру, Қытай-Еуропа халықаралық теміржол бағытын және жүктердің тран­зиттік жеткізілуін қолдау болып отыр.
Елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында шек­аралық өту бекеттеріндегі ин­фрақұрылымдарды жаң­ғыр­ту жөнінде шаралар жос­парланған. Өткізу бекет­терін жаңғырту шешімі олардың инфра­құ­рылымын және техникалық жаб­дық­талуын дамытуда кешен­ді қарастырады.
Осылайша, СЭҚ қатысу­шылар мен кеден қызмет­керлерінің байланысын толықтай алып тастау көзделуде, ал, кедендік үдерістерден  өту орта­лықтандырылған түрде он­лайн-тәртіпте Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің диспетчерлік басқармасында бақыланбақ.
Мемлекеттік кіріс ұйымдары «бір терезе» қағидатын  және электронды декларация жүйесін енгізуде белсенді жұмыс ат­қаруда.
Заңнама негізінде бұл нормалар бекітілген. Ақпараттық қамтамасыз ету және барлық кедендік операцияларды  автоматтандыруды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік кірістер комитеті мен ЮНКТАД арасында  ASYCUDA World актуальды версиясы тұғырында  автоматтандырылған кедендік интегривті компоненті мен әкімшіліктік салықтық   жүйені  енгізу туралы келісім жасалған. Аталған жоба үдерісті толық автоматтандырады, яғни, алдын ала ақпараттандырудан бастап, тауарды шығарғанға және кедендік бекеттегі бақылауға дейінгі  аралықты қамтиды.
Жобаның соңғы кезеңі мәліметтер базасының интег­рациясы болып табылады. «Бір терезе» механизмін енгізудің алғашқы нәтижелері 2017 жылы жемісін бермек.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына  кіруіне байланысты Қазақстандағы белгілі бір тауарлар тобына Бірыңғай кедендік тарифтерге қарағанда әлдақайда төмен кедендік тарифтер қолданылады. Осыған орай мұндай тауарлар алынатын тізімге еніп, Қазақстан бұл тізімдегі тауарларды Одақ­тың өзге елдерінің аумағына  шығармауға  жол бермеу міндет­ттілігін мойнына алды. Алу тізіміне кірген тауарларды енгізу ҚР аумағында :
1. Қазақстан Республикасы шекарасынан  шығармау құқынсыз ДСҰ ставкаларымен;
2. Одақ мүшелеріндегі мемлекеттерге шығару мақсатында ЕТТ ЕАЭО ставкаларымен жүзеге асады.
Қазақстан  тізімге енгізілген тауарларды есепке алуды және бақылау енгізуді «тура бақылау» жолымен жүзеге асыруды  өз міндеттемесіне алды. Бүгінде тауарларды  тура бақылау тауарларға декларация номерін сараптау арқылы қолмен жүргізу тәртібі арқылы іске асады. Бұл бақылауды автоматтандыру мақсатында «Виртуальды қойма» модулі дайындалуда. Ол «Электронды шот-фактуралар»  аталған қолданыстағы жүйе негізінде болмақ.
«Виртуальды қойма» импорттаушыдан бастап, тұтынушыға дейінгі тауарлар мен ақшаның қозғалысына қашықтан бақылау жасауға, қолмен бақылау мен әкімшілік кедергілер элементін жоюға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер органдары 2016 жылдың 1 қаңтарынан кедендік және салықтық төлемдерге бірыңғай әкімшіліктендіру механизмін бекітетін, кедендік және салықтық процедураларды біріздендіретін біріктірілген Мемлекеттік кірістер кодексін дайындауға кірісті.
Аталған шаралар СЭҚ қатысушылардың уақытын  үнемдеп, қаржылық шығынын азайтуға ықпал етеді. Сөйтіп, СЭҚ қатысушылардың іскерлік үлесін, транзиттік әлеуетін, арттыруға, сондай-ақ, Қазақс­тан Республикасының инвес­тициялық тартымдылығына да әсерін тизігеді.

Р.ТАЛАСПЕКОВ,
Қарағанды облысы
бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
басшысының орынбасары.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 485
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px