Журналистерді құрметтеді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

БАҚ қызметкерлерінің мерейін көтеруге арналған мерекелік шара Жезқазған бизнес және көлік колледжіндегі салтанаттан бастау алды. Жақында ашылған осындағы Қоғамдық келісім кеңесі залында кенді өңір аймағы журналистерін аталмыш кеңестің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты, бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы Бекзат Алтынбеков, «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова, қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова және колледж директоры, қалалық мәслихат депутаты Света Жұмкина құттықтады. Өзінің де еңбек жолын ақпарат құралында бастағанын алға тарта сөйлеген бүгінде белгілі кәсіпкер, меценат Б.Алтынбеков баспасөз саласында 25 жылдан аса еңбек етіп жүрген бір топ журналистерге 20 мың теңгеден ақшалай сыйлық тапсырды. Сондай-ақ, жас қызметкерлерге де Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұдан соң журналистерге «Керуен» мейрамханасында дастарқан жайылып, сый-сияпат жасалды. Айта кету керек, Бекзат меценаттың бастамасымен БАҚ қызметкерлеріне төл мерекелеріне орай құрмет көрсету колледждің жыл сайынғы берік дәстүріне айналды.

Қала әкімдігінде де мерекелік салтанатты жиын өткізіліп, онда қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, қалалық мәслихат хатшысы Советбек Медебаев құттықтап, билік тынысын бұқараға қапысыз жеткізіп жүрген бір топ БАҚ қызметкерлерін қала әкімдігі мен мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапаттады. Ардагер журналистерге бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, ардагерлердің ішке түйген пікірлерін ортаға салуға да мүмкіндік жасалды. «Қазақмыс» корпорациясының» БАҚ-пен байланыс қызметінің ұйымдастыруымен «Kisslorod» ойын-сауық клубында өңірдегі ақпарат құралдары басшылары мен өндіріс тақырыбын жазып жүрген журналистердің басын қосқан салтанатты шарада корпорацияның тау-кен өндірістік кешенінің іс басқарушысы Дархан Ранов, «Қазақмыс» компаниясының пиар-менеджері Ардақ Құлжанбекова құттықтап, мерекелік сый-сияпат жасады.

 

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 776
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px