«Жылдар жылжып өтсе де...» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Жылдар жылжып өтсе де...»
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Биыл – Чернобыль апатының орын алғанына отыз жыл толып отыр. Азалы күнді ескеру мақсатында жер-жерде атаулы шаралар өткерілуде. Жақында Шет ауданындағы Кеншоқы ауылында да «Чернобыль жаңғырығы» атты кеш ұйымдастырылды. Кешке Чернобыль зардабын жоюға қатысушы Мейрамбек БАЕКЕНОВ арнайы қатысты.
Іс-шараға ұйытқы болған ауыл әкімшілігімен қатар  Мәдениет үйінің меңгерушісі Өмірсерік Дәрібаевтың еңбегін атап өту керек.
Құрметті қонақты жиналғандарға таныстырған Назгүл Бейсембекова Чернобыль апаты туралы мәлімет беріп өтті. Өз кезегінде Мейрамбек Кәрімұлы сол жылдар естелігімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнеге болар толғаулы әңгіме тиегін ағытты. Қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, толымды жауап алды.
Кездесуде Чернобыль зардабынан қайтыс болған азаматтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Бұдан кейін ауыл әкімі Боранқұл Жұматов шараның мән-маңызы, ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі салмағы турасында сөз өрбітті.
Кеште Нұра орта мектебінің ән-күй  мұғалімі Нұргүл Әлібекова дайындаған жас өнерпаздар әннен шашу шашты. Балғын әншілер – Медет Кәрім, Ғабит Әбілдин, Ақжол Кемал, Шонысқақ Мананбаев патриоттық әндерді әуелете орындаса, мектеп оқушылары көркем бидің көркін келістірді.
Мазмұнды кештің соңы Ақбота Әбілқадырдың орындауындағы «Отан қорғаушылар» әнімен түйінделді.
ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 150
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px