Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Мәдениет

Материалдар категориясында: 849
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 ... 84 85 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
11.07.2016

Адамзатты рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін Рамазан айы аяқталды. 30 күн бойына ораза ұстап, құлшылық жасаған мұсылман қауымы Ораза Айт мерекесін тойлады. Асыл дініміздің басты мерекелерінің бірі – Ораза Айт мерекесі ауданымызда да аудандық әкімдіктің бастамасымен жоғары деңгейде аталып өтті.

 пікірлер: 0
 оқылған: 5534
11.07.2016

 

Алаштағы атаулы мейрам – Астана күнін қарағандылық қаракөз қауым қаланың Оңтүстік-Шығысындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында бастап, орталықтағы «Тәуелсіздік» алаңына дейін велошеру өткізді. Мерекелік спорттық іс-шараға облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ өзі қатысып, мұндағы велосипед мінгендердің көшін бастады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1280
11.07.2016

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Сәтбаев қаласында ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шаралар кеңінен өріс алуда. «Саған арнаймын, әсем қалам!» қалалық көркемөнерпаздар фестивалі аясындағы «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» атты әжелер сайысы осындай ұлағатымен ерекшеленді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1294
30.06.2016

Шахтинск қаласында, осы қалаға қарасты барлық кенттерде Астана күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірқатар іс-шара өткізілмек. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1270
28.06.2016

Қымбатты жерлестер!

Кәсіби мерекедегі шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

 пікірлер: 0
 оқылған: 1411
28.06.2016

«Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамы еліміздің барлық аймағындағы филиалдарының тележүргізушілері арасында байқау ұйымдастырды. Оған 160-тан астам журналист қатысты. Бұған дейінгі облыстық кезеңде Асылбек Тойбеков көрерменнің көп даусына ие болып, бірінші орынды жеңіп алып, «Арқа арнасының келбеті» атанған еді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1409
28.06.2016

Арқаның шертпе күйі бүгінде қанатын кеңге жайып, өріс алуда. Облыс орталығында да шертпе күй фестивальдері көптеп өтуде. Алайда, шертпе күйшілерінің орталығы жоқ болатын. Соның орайы енді ғана келгендей.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1298
28.06.2016

«Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық
филиалының директоры Берік Смағамбетұлы ДҮЙСЕТАЕВ:
«Ашық  пікірге
қиянат  жасамаймыз»

Ұлттық баспасөздің абызы, қабырғалы қаламгер Шерхан Мұртазаның сөзімен айтқанда, «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистер қауымының кәсіби мерекесі де келіп жетті. Әшейінде бәсекелес танылып жүргенімізбен, жылына бір келетін мерекемізде әріптестер қауымына жылы лебіз арнап, ақпарат майданындағы азды-көпті еңбегімізге баға беріп жататынымыз бар. Өйткені, «илегеніміз – бір терінің пұшпағы».

Қай дәуір, қай қоғамды алып қарасаңыз да, айналамыз – қайшылыққа толы. Себебі, қоғам – қозғалыста. Иә, қоғам қозғалысын доғарған сәтте жұмыр жер жаһандық апаттың құрбанына айналуы кәдік. Қоғамдық жүйе қопарылып кетпесе де, саяси жүйе сапырылысып жатуы – заңдылық, ендеше. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары – осынау қоғамдық қарбаластың барометрі. Түпкі түйініміз – елдік мұратқа ұмтылған ұлттық мүдде.

Дәл осы мақсаттағы маңызды қадамдарымен, байсалды ұстаным, сабырлы пікірімен көрермен көзайымына айналып жүрген бірегей ұжым – «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы. Мереке қарсаңында аймақтың басты арнасы саналатын шығармашылық ұжымда болып, телеарна басшысы Берік ДҮЙСЕТАЕВҚА бірнеше сауал жолдаған едік.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1309
28.06.2016

Былтыр облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығы жайлы жазған ақсарбас ақпарда «сұңқар құс теңіз түбінен маржан жеген балықты іледі» деп жазған екен әріптесіміз. Биыл да сол тәмсілді қайта есімізге түсірдік. «Алтын сұңқарды» – Алаштың ақиық ақыны Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ алып тұрғанда! Сұңқар – балықты ілсе, Ақсұңқарұлы – халықтың сөзін айтқаны үшін! Сұңқар – маржанды ілсе, Ақсұңқарұлы – Мағжанды айтқаны үшін! Сұңқар – тегін қыраннан таратса, Ақсұңқарұлы – Тұраннан ту көтергені үшін!

 пікірлер: 0
 оқылған: 1375
28.06.2016

Жуырда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Тарих кеңістігіндегі тілдерді дамытудың өзектілігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1287

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px