Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Мәдениет

Материалдар категориясында: 849
Көрсетілген материалдар: 831-840
Беттер: « 1 2 ... 82 83 84 85 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
05.04.2012
Биылғы Наурыз мейрамы бұ­қаржыраулықтар үшін жақ­сы жаңалығын ала келген жыл бол­ды. Он екі өнерпаздан құ­ралған Қарағанды қаласының «Ғасыр» вокалды-аспапты-фоль­к­лорлық-джазды ансамблі аз ғана уақыттың ішінде дүниеге келіп, өнерге қанат қақты. Ансамбль Қарағанды қаласының қақ төріндегі Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында бір­неше әндерін орындап өнер көрсетсе, кешкісін Бұқар жырау ауданының орталығы – Ботақара кентінде жарты сағаттық «Жайнай бер, гүл өлкем» атты бағдарламасымен алғашқы концертін қойып, тәй-тәй басқан өнер ұжымының тұсауы кесілді. Аталмыш ұжымның біздің ауданда тұсаукесерінің өткізілуі де тегіннен-тегін емес.
 пікірлер: 0
 оқылған: 784
05.04.2012
Наурыз мейрамында Шет ауданының Ақадыр кентінде «Ана тілім – арым ме­нің» деген әдеби кеш өтті. Кешке туған тіліміздің жанашыры, белгілі ғалым Темірғали Әбілдаұлы Көкетаев құрметті қонақ болып қатысты. Ол кісі: «Тілсіз ұлт жоғалады. Біз жоғалтқанымызды енді ғана тауып жатырмыз. Қазақ баласы үшін, ең қымбат рухани қазына – Ана тілі. «Өзіңді өзің сыйласаң, жат бойынан түңілер» деген халқымыздың аталы сөзі бар. Біз ендігі жерде жалтақтаған ескі әдетті қойып, жастардың жүрегіне ұлттық рухты сіңіруіміз керек. Бұдан былайғы жерде жылдың бір тәулігі «ана тілімізді ұлықтау күні» болып белгіленуге тиісті. Тілге арналған апталық, айлық өтіп жатса құба-құп» – деп, түйді сөзін.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1086

 оқылған: 1032
04.04.2012
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық сүйікті мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігі, бейбітшілігі мен түсіністігі нығайып, адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі. Наурыз – тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.
 пікірлер: 0
 оқылған: 664
03.04.2012

 оқылған: 615
03.04.2012
Ұлытаудың ұлағатты келіні атану – аяулы ана, абыройлы жар, ардақты қызметкер бола білген аруға ғана бұйыратын сыбаға. Таяуда осындай мәртебелі атақты иелену үшін өткен керемет бәсекеге куә болдық.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1476
03.04.2012
Дәулескер күйші Фазыл Тұтқабековтің облыс әкімінің қолдауымен, «Қарағанды жәдігерлері» сериясы аясында жарық көрген «Қоңыр» атты күйтабағының тұсаукесері «Шалқыма» концерт залында болып өтті. Әсерлі күй кешін облыстық мәдениет басқармасы, Жаңаарқа ауданының әкімдігі, «Маздау» қоғамдық қоры ұйымдастырып, республикаға танымал айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов жүргізді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 849
31.03.2012
Қазақстан театр қайраткерлері Одағы, тәуелсіз сарапшы­ларының 2012 жылғы ұйғарымымен театр өнеріндегі айрықша табыстары үшін «Еңілікгүл» кәсіби сыйлығының «Театр өне­рін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының директоры Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков жеңімпаз атанып, ал, «Жылдың ең үздік актері» номинациясына С.Қо­жам­құлов атындағы Жезқазған сазды-драма театрының актері Әбілқасым Шоманұлы ие болды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 654
31.03.2012
Әлемді нұрға бөлеген әз Наурыз мерекесінің ең бір айшықты сәті 21 наурыз күні Мәдениет сарайында өткен «Армысың, әз Наурыз!» атты ақындар айтысы болды. Иә, табиғат нұрға малынып, Қарағанды жырға қарық болды. Айтпақшы, аламан тек Наурыз мейрамына ғана емес, Көшен Елеуов, Ғабиден Мұстафин, Жайық Бектұров сынды Арқа алыптарын ардақтауға арналды. Нақтырақ айтсақ, жыр дүлдүлі Көшен Елеуовтің 120 жылдығы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабиден Мұстафиннің 110, сталиндік қуғын-сүргіннің азабын тартқан тағдырлы қаламгер Жайық Бектұровтың 100 жылдығы ақындар жырына арқау болды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1242
27.03.2012
Театр /грек тілінен аударғанда ойын-сауық орны/ – өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы актерлер ойынымен бейнелейтін әсерлі де көркем өнер. Елімізде кәсіби өнер ретінде қолға алынғанына енді ға­на ғасыр толғанымен, театрға тән сахналық іс-әрекет элементтері қа­зақтың ежелден келе жатқан шығармашылдығында, ұлттық ойын-сауығы мен тұрмыс-салтында ке­ңінен таралған. Сондықтан да болар, кешегі көшпелілер өмі­ріне кенжелеп енсе де, театр елі­мізде жедел таралып, дамып, қа­заққа тән төл өнердің қатарына қо­сылды. Қазір Отанымыздың мә­дени орталықтары Алматы мен Ас­тана түгілі облыстардың өзін кә­сіби театрсыз көзге елестете ал­майсыз. Ал Шымкент пен Қара­ғандыда бірнеше өнер ордасы шо­ғырланған. Соның бірі – биыл сек­сеннің сеңгіріне шығып отырған ұжым, Қарағандының С.Сейфуллин атындағы драма театры.
 пікірлер: 0
 оқылған: 778

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px