Ақын атындағы бәсеке - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Белгілі қазақ ақыны Жеңіс Қашқынов – алтын бесік Ақтоғай өңірінің тумасы. Жекең, әсіресе, жас оқырмандардың рухани әлемін байытуда айтарлықтай еңбек сіңірген ақын. Сонымен қатар белгілі радиожурналист, қазақ радиосының алтын қорында ақын ағаның танымдық радиоматериалдары күні бүгінге дейін ара-тұра беріледі. Соның ішінде әйгілі Әшімтай күйшінің «Қоңыр қазының» қалай туындағаны жөніндегі радиоәңгімесі тыңдаған жанды бейжай қалдыр­майды, шалқар ойдың құшағына жетелейді, сүйсіндіреді, тамсандырады.

Ақын, журналист Жеңіс Қашқынов атындағы жасөспірімдер арасындағы қазақша күрес турнирі ендігі дәстүрге айналып үлгерді. Жыл сайын көгілдір көктемнің осынау тамаша күнінде Ақтоғайда өткізіледі. Жекең қазақша күреспен кезінде мықтап шұғылданған, Алматы қаласының чемпионы, спорт шебері.

Жарысқа 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер тартылып, боз кілемде жасындай жарқылдады. Жарыс жекелей біріншілік түрінде өткізілді. Жеңімпаздар анықталды, 60 келі салмақ бойынша Нұрлат Кәрібай жеңімпаз деп танылды. Ол күрестің айла-тәсілін меңгеруде айтарлықтай ізденіс танытып келеді. Сондай-ақ, өз салмақтары бойынша Ізбасар Зәкенов, Азамат Үсенов, Руслан Ризабек, Ілияс Кішкентаев, Аманжол Сейсенбек жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақша күрес ауылдық жерде жақсы дамып келеді. Кім біледі, болашақ «қазақ барысы» осылардың ішінде жаттығып жүрген шығар?! Ақын, журналист ағаның ұрпағы С.Қашқынов жарысты ұйымдастырушыларға, жас балуандарға ризашылығын білдірді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, Ж.Қашқынов атындағы кубок та өз жеңімпазын тапты.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ.

Ақтоғай ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 225
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px