Абай тағылымын ардақтап - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жуырда С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында облыстық  Абай оқулары XVII мәрте өз шымылдығын түрді. Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі іс-шара үш аталым бойынша кіл жүйріктерді республикалық додаға іріктеді.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» яғни, Абай  және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша Бұқар жырау ауданы «Ростов» тірек мектебінің оқушысы Назира Медет бірінші орын иеленсе, Семейде өтетін ақтық сынға екінші орын алған Қарқаралы ауданы №28 орта мектебінің оқушысы Нұрдәулет Марат пен Қаражал қаласы №10 орта мектебінің оқушысы Аружан Өзбекова  жолдама алды.

«Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша сынға түскен жас дарындардың ішінен «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Абзал Мақашев қара үзіп бірінші келсе, екінші орынды  мамандандырылған облыс орталығындағы музыка мектеп-интернатының оқушысы Камила Райханова мен Абай ауданы, Топар орта мектебінің оқушысы Еркежан Ахметова өзара бөлісіп, ақтық сынға жолдама алды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты жас дарындар конкурсына яғни, өз шығармалары бойынша  жолдаманың І орынын  Жезқазған қаласы №9 мектебінің оқушысы Арайлым Жакеева  иеленсе, екінші орынға Ұлытау ауданы Терісаққан №9 орта мектебінің оқушысы Маржан Қожадияс пен  Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жанболат Жұлдыз тұрақтап, облыс үмітін ақтауға дайындық үстінде.

Байқауға Қарағанды облысының барлық аудан-қалаларынан, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 62 оқушы қатысты.

Облыстық Абай оқуларының 1 және 2-орын иегерлері ағымдағы жылдың 8-9 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Мирас АСАН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 306
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px