Адам атадан бергі аралық... - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сіз алғашқы Адам атаны көзіңізге қалай елестетесіз? Ол туралы мүлде ойламауыңыз да мүмкін ғой. Ал, Қарағанды гуманитарлық колледжінің «Бейнелеу өнері және сызу»  бөлімінің 2013 жылғы түлегі А.Схабицкая Адам атаны Хауа ананың ағаштан алма үзіп тұрған сәтімен елестетеді екен... Ендеше, Адам атадан қанша алыстаған сайын... біздің сұлулыққа деген құштарлығымыз арта түсе ме... әлде, қалай?.. 

 

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағанды гуманитарлық колледжі  40 жылдық   мерейтойы­­на орай,  колледждің  «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі  Қарағанды  қаласының ЖББОМ-ның 9-сынып оқушылары арасын­да бай­қау жариялап, қорытындысын облыстық бейнелеу өнері мұражайында көрме ретінде өткізді. Мақсат – бейнелеу өнері мен сызуға бейімі бар орта мектеп оқушыларын осы салаға тарту. Көрме тақырыбы – «Сүйемін сені, Менің Қазақстаным!».

Бейнелеу өнері мұражайының бір залы суреттер мен кескіндемелерге толы екен. Бәрі бір-бір өнер туындылары. Сөйтсек, мұның бәрі байқауға қатысушы балаларды ынталандыру үшін ілінген аталған колледждің студенттері мен түлектері шығармашылығының жемісі болып шықты. Жоғарыда біз атаған А.Схабицкаяның суреті – сөзіміздің дәлелі. Дәл ортадағы үлкен тақтаға Қарағанды қаласы бойынша орта мектептің 9-сыныбында оқитын оқушылардың байқауға жіберген суреттерінің көрмесі қойылған. Олар да назар аудартпай қоймады. Мәселен, сіз Қарқаралының Шайтанкөлін көрген боларсыз? Көрмесеңіз, тіпті, керемет. Онда сіз атақты Шайтанкөлді Қарағандыдағы №34 орта мектептің 9-сынып оқушысы Диана Шәкенованың «Жанға жайлы, саялы жер – Қарқаралы» туындысынан көріп есіңіз кетер еді...

Сонымен, сызу және кескіндеме шығармашылық жұмыстары бойынша «Сүйемін сені, Менің Қазақстаным!» атты 9-сынып оқушылары арасындағы қалалық байқаудың сызу аталымының ІІІ-орнын Зәуірбек Меңдіғали иеленсе, ІІ-орнын Балнұр Қойшығұлова, І-орнын Алсия Әлібекова қанжығалады. Ал, кескіндеме аталымы бойынша ІІІ-орын Екатерина Бойдаққа, ІІ-орын Анастасия Черемисина, І-орын Анастасия Копотиловаға бұйырды.       

Қарағанды гуманитарлық колледжінің «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі 1976 жылы ашылған. Мұнда мамандарды жұмыс тәжірибесі мол, базалық арнаулы білімі бар оқытушылар дайындайды. Бөлім бір емес, бірнеше өнер қайраткерлерін тәрбиелеп шығарған. Қарағанды гуманитарлық колледжінің мақтанышы – студенттердің сәндік қолданбалы өнері және кескіндеме жұмыстарының қоры болып табылады. Бөлімдегі көптеген оқытушылар  шығармашылық жұмыстармен айналысады, республикалық, облыстық, қалалық көрмелерге қатысып отырады.

Түлектері облысымызда, қаламызда және басқа да қалалар мектептерінде бейнелеу өнерінен, сызу пәнінен жас жеткіншектерге дәріс беруде. Мұндағы негізгі арнайы пәндер «Сурет», «Кескіндеме» және «Композиция» болып табылады.

Жәнібек ӘЛИМАН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 219
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px