Аламан айтыс өтеді - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Аламан айтыс өтеді
Биылғы жылдың 12 наурызы күні сағат 11.00-де Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда Үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты облыстық ақындар айтысы өтеді.
Іс-шараның мақсаты мен міндеті – айтыскер ақындардың шығармашылығының қалыптасып, дамуына жағдай жасау. Жыл басы – Наурызды жырға қоса отырып, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылда қол жеткізген жетістігін жырлау. Алаштың асыл азаматтарының бірі – Әлихан Бөкейхановтың өміршең мұраларын дәріптеу. Айтыс өнерін насихаттап, ұрпақты ұлт дәстүрі рухында тәрбиелеу. Халықтың рухани-мәдени мұраларын келешек буынға жеткізу және оны елдің санасына сіңіру.
Айтыс екі кезеңнен тұрады: біріншісі – іріктеу, екіншісі – мәре.
Мәреге алғашқы кезеңнен іріктелген екі-үш жұп шығады.
Айтысқа Шет, Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандары мен Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш, Қарағанды қалаларының жүйріктері қатысады.
Қарағанды облысының мәдениет,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 293
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px