Алатаудың ұлына – айрықша құрмет - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Ақынның «Бүгін менің туған күнім» өлеңінен басталған шырайлы шара барысында №18, №30 мектеп оқушылары және №52859 әскери бөлімінің сарбаздары ақынның «Қарасаз», «Ей, бауырым», «Ей, өмір», «Туған жер» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге, «Сағыныш», «Нені күтем?» әндерін әнші Ержан Тұрсынов орындап, Келдібек Кабулов пен Ермек Нәби есімді сарбаздар «Отан», «Үш бақытым», «Өтініш», «Қазақстан» өлеңдерін көрерменнің жүрегіне жеткізе білді. Сонымен қатар, Ермек Нәби №30 мектептің 9 сынып оқушысы Азиза Омархановамен бірге «Махаббат диалогын» орындауда да шеберлік танытты. Осы тақырыпты Шамшырақ Сәдуақасова «Сен мына» өлеңімен жалғастырса, қатардағы жауынгер Айдос Арзымат «Ғашықпын» өлеңін жолдап, Елнұр Қапас «Сенің көзің» әнін шырқады. Қатардағы жауынгер Жәнібек Жұмамұрат өзінің Мұқағалиға арнаған өленің оқыды. «Райымбек» поэмасынан үзінді келтірілді. «Қазақ» радиосының алтын қорындағы Мұқағалидың өзі оқыған өлең шумақтары тыңдалды.

Ықылас қойып тамашалаған көрермен Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық екенін тағы бір мәрте түйсінгендей болды.

Р.АҒАЙДАРОВА,

«Молодежный» мәдениет

үйінің әдіскері.

 

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 211
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px