Алматыдан – абыроймен - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Алматыдан – абыроймен
Жуырда аудандық өнер мектебі дәстүрлі әндер сыныбының түлегі Әмина ЕСІМ (жетекшісі – Саттар СӘРСЕНҚҰЛОВ) мен күй сыныбының шәкірті Томирис РАЙХАН (жетекшісі – Раушан АРЫСТАНБЕКОВА) Алматы қаласында өткен «Балдәурен» байқауынан жүлделі оралды.
Байқау Алматы қаласының білім басқармасы, Алматы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты – балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, қабілеттерінің шыңдалып, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнеріне кең ауқымды өріс ашу.
Дарынды балалардың екеуі де байқауда қазақтың дәстүрлі әні мен күйін үздік орындап, топ жарып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Байқаудың шарты бойынша ең жоғарғы марапат І орын екен. Демек, біздің қос түлегіміз байқаудың ең биік дәрежесіне қол жеткізіп отыр.
Айтқандай, сонау шалғайдағы жер жәннаты Жетісуға барып, өнер сайысына қатысып қайту үшін де қыруар қаржы қажет. Осы орайда, демеушілік танытқан – өнер жанашыры, белгілі кәсіпкер Жексен Әбдірахманов. Жомарттық танытып, қайырымды іс атқарған азаматқа аудан жұртшылығы атынан мың алғыс!

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 115
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px