Арқа төрінде – Астана күні - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Алаштағы атаулы мейрам – Астана күнін қарағандылық қаракөз қауым қаланың Оңтүстік-Шығысындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында бастап, орталықтағы «Тәуелсіздік» алаңына дейін велошеру өткізді. Мерекелік спорттық іс-шараға облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ өзі қатысып, мұндағы велосипед мінгендердің көшін бастады.

 

Сарыарқаның төрінде «Саған, Астана!» мерекелік шарасы. Жиылған халықтың қарасы қалың. Басқарма басшылары, Қарағанды қаласының әкімі, спорт, мәдениет салаларының өкілдеріне дейін осында. Бәрінің түр-өңі гүл, жүрегі мен тілеуі – бір Астана. Астана – азаттық пен Алаштың алтын тәжі, ұлттық қолтаңбасы. Ендеше, бұл – елдік пен бірліктің тойы. Оған қуанбағанда қайтпек қазақ?!

Облыс басшысынан бастап жиналғандардың көбі спорттық үлгіде, жеңіл киінген. Дәл ортада төбесі көк тіреп көк байрағымыз желбіреп тұр. Ойлы жанға ол да бір қуаныш, ол да бір мәртебе. Бағаналы ордасы, байрағы бар қазақтың туы құламасын делік. Осы Астана күнінің өзі бұлардың барлығы мен азаттықтың баянды болуын тілеп, тәубе тұту сияқты сезіледі.

Әуелгіде, сағат ондар шамасында күннің қабағы түйіліңкіреп тұр еді, мерекелік шара ашылар-ашылмаста жадырап сала берді. Ашылу салтанатында Қали Байжанов атындағы концеттік бірлестіктің әншілері шығып, Астанаға арналған ән шырқады. Алғашқы құттықтау сөзді аймақ басшысы Нұрмұхамбет Қанапияұлы сөйледі.

Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның әлем таныған қолтаңбасы – Астана әуелі Елбасымыз Н.Назарбаевтың ақыл-ойының жемісі. Сол кісінің бастамасымен дүниеге келген бас қала – бүгінде дүние жүзіндегі жас астаналардың бірі һәм бірегейі. Еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында Астананың мән-маңызы күннен-күнге артып келеді және Елбасы мен егемендігіміздің арқасында осылай жалғаса бермек. Ендеше, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын! – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Бұдан кейін әкім-қара, басқарма басшылары мен әртүрлі саланың қызметкерлерінен құралған бір қауым ел велосипедке мініп, сапқа тұрды. Мемлекттік рәміздер алаңынан қаланың орталығын бетке алған велошеруді облыс әкімі бастап барады. Қолдарында Қазақстанның көк байрағы. Азаттықтың айғағы, Тәуелсіздіктің тұмарындай Астана күнін адақтап барады салтанатты топ. Біз де осы көштің тоқтап қалмауын тілеп қала бердік.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 798
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px