Қарағандыда – Ән мерекесі - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қарағандыда – Ән мерекесі
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Қарағанды жан тербейтін әсем әндер құшағында болады деп күтілуде. Себебі, кеншілер қаласына 29 сәуір күні сағат 19.00-де әнсүйер қауымның тарапынан «Халықтық караоке» мәртебесі телінген атақты Турецкий хоры келіп, қалалық орталық саябақта тегін концерт бермекші. Ән мерекесінің ұйымдастырылуына Қарағанды қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Бұл – қайталануы тым сирек, халықтың көңіліне аса қонымды жоба. Хормен бірге мыңдаған тыңдарманның қосыла ән шырқауға дағдылануы – оның тартымдылығының айғағы. Ұжым репертуарында бірнеше буынның ең сүйікті әндері бар. Сол әндердің барлығы адамдарды бірлік пен тұтастық сезімімен баурап, кімнің де болсын жан-жүрегіне айықпас жағымды әсер ұялатады, өмірге құштар ете түседі.
– Мен біздің басты бағытымыз – халықпен қосылып ән шырқау екендігін анық түсіндім, – дейді жоба жетекшісі және атағы шартарапқа тараған өнер ұжымының басшысы, Ресей Федерациясының Халық артисі Михаил Турецкий. – Соңғы 15 жыл көлемінде біздің ұжым Қазақстандағы көптеген атаулы шараларға қатысып келеді. Сондықтан да, бұл елдің жаңа сипатта жаңғыруы мен даму серпінін даусыз бағамдап үлгердік. Алдағы Ән мерекесінің Бірлік мерекесімен тұспа-тұс келуі – аса жарасымды.
Жоба жетекшісі сонымен қатар, концертте қазақ тіліндегі туындылар орындалып, халықтың талғамына сай Бауыржан Шүкеновтің шығармашылығынан да ел сүйетін әндер шырқалатынын мәлімдеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 141
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px