Астана күніне арнады - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қарағанды қалалық М.Әуезов атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 6505 әскери бөліміндегі жазғы оқу кезеңін «Ордасы боп сан түрлі бастаманың, Аты алысқа тартады Астананың» атты әдеби шарамен бастады.

 

Өскелең ұрпақтың Отан алдындағы жауапкершілігін, еліне деген құрметін арттыруды көздеген кітапхана қызметкерлері сарбаздардың шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, мәнерлеп оқу дағдысын байқады. Сондай-ақ, шарада мемлекеттік рәміздерді қорғау, ерлікке толы тарихқа зор құрметпен қарау құндылықтары назардан тыс қалған жоқ.

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңінің ашылуына орай 6505 әскери әскери бөлімінің басшысы полковник Б.Қазкеев сарбаздарды жаңа оқу маусымымен құттықтап, жарты ғасырдан астам тарихы бар әскери бөлімнің биыл 60 жылдығын атап өтетінін жеткізді. Шара барысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының полковнигі Б.Тоқтаров, қатардағы сарбаз Н.Каракаев, әскери қызметшілер қатарынан сержант А.Әб­дірахманов әскери өмір жөніндегі ойларымен бөлісті. Сарбаздар «Мемлекеттік – құқықтық дайындық» атты сабақтарды үш бағытта топқа бөлініп оқитын болды. Осы ретте М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ және орыс тілінде екі топқа бөлінген сарбаздарға әдеби кеш өткізді. Қатысушылар Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен танысып, жүрекжарды өлеңдер оқыды. «Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз» атты бейнекөрсетілімді тамашалады. Кітапханашылар А. Көшербаева және А. Мерейхан «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2467
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px