Астана күніне – ауқымды жоспармен - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мәселе қала әкімі Сержан Аймақовтың қатысуымен өткен аппарат жиынында кеңінен талқыланған. Ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанова мерекелік іс-шаралардың тізімін  таныс­тырды. Мысалы, Кеншілер мәдениет сарайында «Айналайын, Астанам – асқақ әнім» әуенді-сазды бағдарламасы өтеді. Сондай-ақ, түрлі байқаулар, көрмелер, экскурсиялар мен спорттық іс-шаралар мерекенің көрігін қыздырмақ. Мереке күндерінде қоғамдық тәртіпті қадағалау да күшейетін болады.

С.Нұрмағанованың ақпарын тыңдаған шаһар басшысы мерекенің жоғары деңгейде өткізілуі керегін баса айтты.

Аппарат жиынында коммуналдық төлем мәселелері де талқыланды. Бүгінгі күнгі дерек бойынша, коммуналдық төлемдер қарызының сомасы 141 млн. 205 мың теңгеден асып жығылады екен. Мұндай деректі естіген С.Аймақов тиісті тұлғалардың жұмысына қатаң сын айтты. Мәселені жылдам арада шешуді тапсырды.

 

ШАХТИНСК қаласы.  

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 767
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px