АСЫЛБЕК – «АРНАНЫҢ БЕТКЕ ҰСТАРЫ» - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Республикалық «Арнаның бетке ұстарлары» байқауында әр өңірден үздік шыққан 27 тілші арасында дауыс беру арқылы Асылбек Тойбеков жүлделі екінші орынды иеленді. Арқаның басты арнасы «Қазақстан – Қарағанды» телеарнасының көрермені көп, абыройы асқақ екендігін дәлелдеді. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Асылбек Астанада өткен салтанатты жиында Дипломмен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Жомартұлы «Қазақ­­стан – Қарағанды» телеарна­сы­ның Жаңалықтар бөлімінің аға редакторы. Сонымен қатар, «Уақыт.kz» хабарының редакторы әрі жүргізушісі. Бағдарламалар­ды қазақ және орыс тілінде еркін жүргізеді. Облыс әкімінің тікелей эфирінде бірнеше рет хабар жүргізді. Бұған дейін Асылбек жас болса да Абай қаласында екі тілде шығатын «Абай-Ақиқат» аудандық газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Облыстық және республикалық байқаудан сүрінбей өткен әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 881
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px