Балаларға шаттық сыйлады - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті.

Шуақты шараға кітапхананың балалар бөлімінің оқырмандары, №41 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушілері көрермен ретінде қатысты. Аталған кітапхана қызметкерлері, мерекені жүргізуші Жұлдызай Темірханқызы мен Шакира Әсетқызы балаларды мерекелерімен құттықтап, «Кім жүйрік?», «Ашық аспан», тағы басқа ойындар ойнатты.

№41 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиеленушілерінің «Балауса» тобы өнерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, Ділназ Асыланқызы «Бақытты балалық шақ» деп аталатын тақпақты нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Ал Мансұр, Шәкәрім, Сафина сынды балақайлар көрерменді мың бұралған билерімен таң қалдырды. Шараның екінші бөлімінде №52 ОМ оқушылары ашық аспан аясында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет салды.

 Шара соңында барлық қатысушыларға сыйлық таратылды.

 

Әйгерім НҰРТАЗА,

ҚарМУ-дың ІІ курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 339
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px