Бірлік пен береке думаны - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Абай, Шабанбай би, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Н.Әбдіров көшелерінің тұрғындары ұлттық киім киіп, ұлттық ойын түрлерін ойнады. Көшелер тұрғындары жасаған дастарқандарды арнайы комиссия қарап, «Ең сүрленген қазы», «Ең дәмді дастарқан», «Ең тәтті дастарқан», «Ең сақталған сары қымыз», «Ең әдемі бауырсақ», «Ең апамның аппақ айраны» аталымдары бойынша жеңімпаздарды анықтады. Жүлдегерлер ауыл әкімшілігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Салтанатты шараны Мәдениет үйінің меңгерушісі Ө.Дәрібаев жүргізіп тұрды. Нұра орта мектебінің мұғалімі Н.Әлібекованың сүйемелдеуімен өнерлі оқушылар әсем әнді шырқыта орындап, асқақ күйді күмбірлетті. Ауыл әкімі Б.Жұматов жүрекжарды тілегін жеткізді.

Сол күні ауыл жастары арасында воллейбол турнирі өтті. Кешкілік мерекелік думан ауылдағы Мәдениет үйінде жалғасты. Жас өнерпаздардың қатысуымен өткен «Наурыз айы келгенде...» атты концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Наурыз мейрамын өткеруге ауыл кәсіпкерлері мен қожалық басшылары көмек көрсеткенін айтып өту керек. Осы орайда, жомарт жандарға ауыл халқының, ауыл әкімшілігінің атынын алғысымызды айтамыз.

 

Б.ИРГИМБАЕВА,

Кеншоқы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.

 

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 175
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px