Еңселі Елорда - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Әр адамның түр келбетін, жан дүниесін көрсететін айнасы бар. Ал, Қазақстанның әсемділігінің айнасы – Астана.

Сарыарқа өлкесінде, Есіл өзеніне сән беріп бой көтерген Астана – 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданып, 1998 жылы жаңа Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім аралығында әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Астана – әлем бойынша ең жас астана, сонымен қатар, республиканың саяси-әкімшілік, іскер және мәдени орталығы болып табылады. «Астана-бас қала» деп айтылуында үлкен сыр жатқан сияқты. Жаңа астанада бой көтерген көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынуда. Қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтерек, Ақ орда, Үкімет үйі – Астананы әлемге танытты. Оған басты дәлелдің бірі – 2017 жылы Астанадағы "ЭКСПО – 2017" мамандандырылған көрмесінің өтуі. Аталмыш көрмеге 150-ден астам мемлекеттің қатысуы жоспарланған.

Болатбек ӘЗІМБЕК,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің" Қарағанды облысы бойынша

департаментінің бөлім басшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2543
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px