Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.11.2017
Қазақтың мәдени қазыналарының бірі – күй өнері. Рухының биіктігін, ойының тереңдігін, көңілінің кеңдігін ұлтымыз қасиетті домбыраның үнімен мәңгілік бейнелеп кеткен.
Осы киелі өнерді сақтау үшін елімізде, облысымызда игілікті шаралар жүзеге асырылуда.
Осы игілікті істің бірі – жақында Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен, «Жәдігер » бағдарламасы бойынша жарық көрген, күйші Фазыл Тұтқабековтің «Қоңыр» атты күй жинағы.
СD форматында жарыққа шыққан күй жинағына енген Тәттімбет, Сүгір тәрізді дәулескер күйшілердің туындылары адамның тұла бойын тебірентіп, ойын ақыл мен даналықтың әлеміне жетелейді.
Халықаралық, республикалық фести­валь­дарға қатысушы, Арқаның күй дәс­түрінің көрнекті өкілі, шертпе күй орын­даудың шебері Фазыл Тұтқабеков 1941 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
Ұзақ жылдар туған жерінде, ауыл шаруашылығы саласында еңбек ете жүріп қолынан домбырасын тастамаған Фазыл күйші халқымыздың асыл қазынасын, бабаларымыздың аманатын бүгінгі күнге саф, таза күйінде жеткізуге ерекше еңбек сіңіруде.

Өнер сүйер қауымды 20 наурыз күні, сағат 18:00-де, «Шалқыма» концерт залында өтетін Фазыл күйшінің
«Қоңыр» атты
шығармашылық кешіне шақырамыз.
Кешке елімізге танымал күйшілер, әншілер қатысады.
Кешке кіру тегін.

Кештің ұйымдастырушылары:     
Қарағанды облысының мәдениет басқармасы,
Жаңаарқа ауданының әкімдігі,
«Маздау» қоғамдық қоры.
Ақпараттық демеушілері:             
«Орталық Қазақстан»  газеті,
«Қазақстан – Қарағанды» телеарнасы
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 792
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1188
count 88x31px