Кәсіби марапатты кәделеді - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

«Алтын Гефест» сыйлығы – ERG компаниясының тұрақты қолдауымен 2010 жылдан бері ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сала озаттарын атап өту және қазақстандық компаниялардың жетістіктерін көпшілікке насихаттау мақсатымен тағайындаған бірден-бір кәсіби марапаты.

Байқау биыл осымен 7-ші рет ұйымдастырылып тұр. 12 аталым бойынша берілген сыйлықтың екеуі – біздің жеңімпаздарда. Оның бірі – ҚарМТУ-дың бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Исағұлов «Жылдың ғалым-педагогы» болса, бірі – осы оқу орнының ІV курс студенті Т.Насенов «Жылдың диплом жұмысы» аталымын иеленді. Жеңімпаздарға «Алтын Гефест» мүсіншелері мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Индустриялдық инновациялық даму бағдарламасы үшін кадрлар даярлау бойынша ҚарМТУ (бағыттары: «Тау-кен ісі», «Металлургия», «Машинажасау», Қарағанды облысының 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы) Қазақстанның 10 базалық ЖОО-ның құрамына енгені белгілі. Сондықтан, мұндағы білікті мамандардың жүзден жүйрік шығуы – заңды. Мәселен, профессор А.Исағұлов сыйлықты кен-металлургия секторының детальдарын шығару үшін жаңа буын тоқуға төзімді материалдар, сондай-ақ, болат, шойын және түсті құймаларды дайындау үшін машиналар технологияларын әзірлеп, енгізгені үшін алды. Бұлар бүгінде Қазақстанның 10 өнеркәсіп орнында енгізіліп отыр.

Студент Т.Насенов сыйлыққа «Fe - Cr - Ni жүйесінің ыстыққа төзімді қорытпаларының қасиеттерін зерттеу» тақырыбына жазылған диплом жұмысы арқасында ие болды.

«Алтын Гефесті» кәсіби білікті салалар, компаниялар мен жобалар, журналистер, педагогтар алады. Қазақстан бойынша байқауға жыл сайын 186-дан астам үміткер қатысады. Тұрақты қатысушылар арасында «Қазмырыш», «KSP Steel», «Евраз Каспиан Сталь», «Қазхром», «Қазақмыс» және басқа да компаниялардың қызметкерлері бар.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 785
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px