Кеңістік кілті кітапта - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Оқырман руханиятының кемелдене түсуіне ықпалы зор іс-шара бағдарламасында «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдық сериясының тұсаукесері; «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының ашылуы; «Живое слово» (Г.Князев) және «Бұқар жырау тағылымы» (құрастырушы ф.ғ.д., профессор С.Жұмағұлов, ф.ғ.к., доцент А.Жұмағұлов) кітаптарының салтанатты түрде тұсауы кесіліп, томағасы сыпырылды. Сонымен қатар, бағдарлама барысында, зияткерлік сауалнама сияқты ойын түрлері мен кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді. Кітап фестиваліне шақырылған құрметті қонақтар қатарында айтулы ақын Серік Ақсұңқарұлы, айтыскер Дидар Қамиев, жас жазушы Алмаз Мырзахмет сынды жерлес ақын-жазушыларымыз құттықтау сөз сөйлеп, жастарды кітап оқуға, рухани байлықты ұлықтауға шақырды.

Жаңылсын ЖОЛДАСБАЙ,

ҚарМУ-дің журналистика

кафедрасының І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 385
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px