Хор ұжымы өнер көрсетті - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Хор ұжымы өнер көрсетті
«Шалқыма» концерт залында Тәт­тімбет атындағы өнер колледжі хор дирижері бөлімі студенттерінің «Кең дала» атты есеп беру концерті өтті.  Ұжым жетекшісі, дирижер – Бибігүл Сұлтанғазина. Фортепианода сүйемелдеген – Наталья Ленчевская.
Хор ұжымының концертінде республикалық конкурстардың лауреаты Ержігіт Оспанханов қылқобыз, шаңқобызда ойнап, халықаралық конкурстардың лауреаты Әсет Әбілдин сынды Арқа өңірінің сахна жұлдыздары да өнерін ортаға салды.
Концерт қазақтың халық әні «Тойбастар» әнімен ашылды. Одан әрі, Оренбургскийдің өңдеуімен қазақтың халық әні «Илигай», Сейдолла Бәйтерековтің «Күй», «Терме» шығармалары шырқалды. Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін дәстүрлі ән деп біліп, құлақ құрышымыз қанып өссек те, Бейімбет Демеуовтің хорға арналған өңдеуіне бұл әнді мүлдем басқа қырынан тыңдадық.
Семей полигоны қасіретіне арналған белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетов пен Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» туындысы тыңдарманды те­бі­рентпей қоймады.
«Кең дала» аралас хоры Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсын шырқады. Түрлі тілдегі әлемдік туындылар орындалды.
Зал тік тұрып, қол соқты. Кішкентай көрермендер де қол шапалақтап, ризашылығын білдірді. Өнерді көріп өскен бала өспесе, құлдырамайды. Адам бойындағы ізгі қасиеттер өнер, тәрбие арқылы қалыптаспай ма?! Ендеше, ұрпақты кішкентайынан өнерге тәрбиелейік, өнерге жақын жүрейік, ағайын!

Баян ӘБДІҚҰЛОВА,
ҚарМУ-дың   І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 448
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px