Кітапхана жұлдызы - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Облысымыздың 80 және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қыз өссе, елдің көркі» айдарымен «Кітапхана жұлдызы» атты жас арулар байқауы Көктас ауылының №1 кітапханасында өтті.

Өнер жарысына №4 орта мектебінде оқитын 1-сыныптың жас бүлдіршіндері қатысты. Өнерге баулу, дарындылығын анықтау, жүріп-тұруын қадағалау, сахнада өздерін көрсете білу мақсатында өткен бұл шарада жас аруларымыз 7 түрлі сайыс бойынша өз өнерлерін паш етті. Атап айтсақ  «Мен қазақтың қызымын», «Кітап білім бұлағы», «Өнерлі өрге жүзер», «Кім ойға жүйрік?», «Шебер қолдар», «Әсем біздің арулар», «Ас – адамның арқауы» үй тапсырмасы сайыстары бойынша сынға түсті. Жас таланттардың өз деңгейінде көрсеткен өнерлері халықтың көңілінен шықты. Қазылар алқасының шешімімен сайыс қорытындысында «Кітапхана жұлдызы» атағын Жанерке Шаймерден жеңіп алды. Сынға түскен басқа арулар «Өнерлі ару», «Биші ару», «Сүйкімді ару», «Шебер ару», «Білімді ару», «Бұлбұл ару», «Әдемі ару», «Салмақты ару», «Әнші ару», «Көрермен көзайымы» сияқты аталымдарда Алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс соңында әкімшіліктің жетекші маманы Гүлмира Жекенова ыстық ықыласын білдіріп, ауыл азаматы «Ыстық ас» дәмханасының қожайыны Аманкелді Искаков демеуші болып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады.

     Р.КҮМІСБАЕВА,

Көктас ауылы кітапханасының

кітапханашысы.

 

 ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 218
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px