Лайықты марапат - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадрлар жөніндегі инспекторы Мира Махатшинаның есімі көпшілікке қайырымдылық істерімен белгілі болса керек.

 

Ол – мамандығы бойынша педагог, экономист, заңгер. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, бастауыш партия ұйымының төрағасы. ҚР Президенттігінен үміткер Н.Назарбаевтың сенімді өкілі (2015), Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сайлауалды штабының төрағасы болған (2016). Партияның аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі. ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры.

М.Махатшина осы қайыр­ымдылық қоры аясында бірқатар қайырымдылық шараларын өт­кізуде. Олардың қатарында елге оралған оралмандарды жұмысқа орналастыру, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын ұсыну, оларға тегін ас-су ұйымдастыру, балалар үйіне тегін киім-кешек тарату сынды игі шараларды атауға болады.

Сонымен қатар, қор арқылы жағдайы жоқ балаларды қам­қорлыққа алып, оларды жоғары оқу орнында оқытуға көп күш салуда.

Осыған орай «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық қазақ твор­честволық бірлестігі халық­тар арасындағы достық пен ынтымақтастықты ны­ғайта отырып, еліміздің дамуы жолында қайырымдылық көр­сетіп, әлеуметтік мәселелерді оңды шешілуіне қосқан елеулі үлесін, жауапкершілігі мол жоғары интеллектуалды, жаңашыл әрі талапты басшы ретінде атқарған еңбегін жоғары бағалап, «Ел ардақтысы» медалімен марапаттады.

Аталмыш награданы салтанатты жағдайда облыстық мәс­лихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров тапсырып, Мира Атамал­қызына алдағы уақытта шығар­машылық табыс тіледі.

Марапаттау рәсіміне БАҚ, қоғам­дық ұйымдар өкілдері қатыс­ты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2606
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px