Өлең мен би өріліп... - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Өлең мен би өріліп...
«Өнер – бір мақсатқа қызмет етуі тиіс. Ол мақсат – адамдардың тамаша нәрсені тануына, өмірге ынтықтығын одан сайын арттыруға көмектесу», – деген екен бір философ. Ал, біздің Қарағанды гуманитарлық колледжінде жыл сайын өтетін «Держи ритм» және «Авторлық альбом» іс-шарасы осы тұжырымға қаншалықты қабысады?  Ендеше, кеттік...
Жиын залы көрермендерге лық толы. Біреулері тобы үшін, біреулері құрбысы, бауырын қолдап келгені жүздерінен байқалады. Айналып келгенде, бәрі өмірден туған өнер үшін... Қатысушылар келбетінде қобалжуды қайда қоярсың?! Айта кетсек, студенттердің бірі жоғары курстан болса, енді бірі студенттік өмірге жаңа қадам басқан ересектер. «Жастық шақ – ерлік жасайтын шақ» демей ме өзі?!
Шара мақсаты – оқу орнындағы таланттарды танып, көпшіліктің өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл үдеден шыққандай кеш. Себебі, кеште би мен өлең қатар өріліп, көрермен қошеметі барған сайын үдей түсті. Алдымен мың бұралған биші қыздар биден шашу шашса, ақынжанды студенттер оны өлеңмен өрнектеді. Қазақ, испан, өзбек, тағы басқа ұлттардың биі кештің көркін ашып, ерекше реңк енгізді. Әліппе атасы Ахметке, аяулы анаға, туған жерге арналған жыр жолдары да көрермендер назарын аударта түсті.
Осы оқу орнынан түлеген біздің әсер тіптен керемет. Осында өткен студенттік дәуренім, сахнада өлең оқыған кездерім еске түсіп, жаным тебіренді. Мың бұралған қыздар биі мен өлең оқыған жігіттерді тамашалап тұрып Есенин мен Айседора еске түсті. Бұл жастардың арасында да қазақтың болашақ Есенині мен Айседорасы жүрген шығар. Кім біліпті?..

Кәмшат ХАСЕН,
Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 279
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px