Ұлттық құндылықты ұлықтады - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Биылғы жылғы ел өміріндегі елеулі мерекелердің екеуі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ұлт қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай тұңғыш рет өткізілген аталмыш фестивальдің мақсаты ұлттық құндылықтар арқылы жастар бойында патриотизмді қалыптастыру болып табылды. Биылғы жылы фестиваль бағдарламасында Арқа күйшілік мектебінің өкілдері – Тәттімбет, Аққыз, Батыс Қазақстан күйшілік мектебінің өкілдері – Дина, Махамбет, Құрманғазының күй мұралары, Маңғыстау күй мектебінің өкілдері – Өскенбай, Есбай күйшілердің, сонымен қатар, қазіргі заман күйшілері мұ­расынан – Нұрғиса Тіленді, Қаршыға Ахмедияр сынды талант иелерінің күй мұралары насихатталды. Фестиваль барысында Тәт­тімбет атындағы өнер колледжінің өнерлі жастары «Сарыжайлау», «Ел айырылған», «Ғасырлар тоғысында», «Жұмыр қылыш» сынды ұлттық тарихымыздан сыр шертетін қайталанбас орындау мәнеріндегі күйлерді биылғы ел Тәуелсіздігі мен ұлт қайраткері Әихан Бөкейхановтың мерейтойына арнап, арындата жұртшылыққа тарту етті.

Ұлттың ұлы мұрат жолындағы тарихи сапарын күй салтанатына бөлеген «Қазақ халық күйлері» фестивалі алдағы уақытта да өзінің заңды жалғасын табады деген сенім мол.

Н.СҰРШАҰЛЫ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 371
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px