Ұлыстың ұлы күнінде - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Іс-шараны ұйымдастырушы С.Манабаеваның сөзінен кейін ауыл имамы Ө.Тілепбеков өліге – иман, тіріге береке тілеп, дұға бағыштады. Ауыл әкімшілігінің жетекші маманы С.Ағыбай құттықтау сөзін жеткізді.

Ал, Т.Шерханның орындауындағы «Наурыз» әні, өзге де орындаушылар шырқаған халық әндері мен заманауи әндер мерекенің көрігін қыздырды. Мерекелік дастарқан жайылып, Қыдыр ата бата берді. Шашу шашылды, би биленді. Мектеп басшысы Р.Ағыбай да ақ тілегін ақтарды.

Қалың ел «қара жорғаны» билеп, елімізге құт-береке, молшылық тілеп тарқасты.

 

Тұрсын ЖАҚЫПБЕКОВА,

Бесоба ауылының тұрғыны.

 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 199
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px