Мұражай мәліметтерімен танысты - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мұражай мәліметтерімен танысты

Жуырда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жеке құрамы Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени мұражайына арнайы барды.

Экскурсия «Еліміздің Тұңғыш Президенті – жаңа тәуелсіз елдің негізін қалаушы, Қазақстан халқының көшбасшысы» тақырыбында ұйымдастырылды. Экскурсия жетекшілері жеке құрамды Мемлекет басшысының мұражайындағы залдармен таныстырды.

Мұражайдың тарихи мәні зор. Жеке құрам егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдері, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбек жолы туралы дәрістерді тыңдады.

Қолбасшылықтың жеке құрамы Тұңғыш Президент мұражайына алғаш рет келген болатын. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алды.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2375
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px