Маңызды монография - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

ІІ Дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 75 жыл өтсе де, Кеңес халықтарының неміс басқыншыларымен күрестегі қаһармандық істері ел жадынан шыққан жоқ. Соның бір айғағы, жарыққа шыққан осы монография. Ел басына күн туған тар заманда әйелдер де ерлерден қалыспай, тізе қосып күресті. Нәзіктігіне қарамастан соғыс жылдары оларға ең ауыр жұмыстарды атқаруға тура келді. Өз Отанын, ұрпағын және олардың болашағын қорғау жолында аянбай еңбек етті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап нәзікжандылар әкенің, жардың, бауырдың орнын алмастырып, зауыттар мен фабрикаларда, жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығында тер төкті. Госпитальда жұмыс жасап, жаралы жауынгерлерді аяғынан тұрғызып, майдан даласына аттандырды. Еңбек ете жүріп, бала тәрбиелеп, аналық махаббатын ұрпақ бойына сіңіре білді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әйелдердің майдан даласында және тылдағы жанкешті еңбектерін насихаттап жазған еңбектер жетерлік. Олардың жасаған жасампаз істері бүгінгі ұрпақты да таң қалдырып келеді.

Әйелдердің өнегелі жолдарын арқау еткен кітаптар ешқашан артық етпейді. Орталық Қазақстандағы әйелдердің жасампаздық істерін арқау еткен монография Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты қызметкерлері және Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды ғалымдарымен бірлесе отырып жарыққа шықты. «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстан әйелдері» атты монографияның авторлары: Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Сақтағанова, облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры, педагогика ғылымының кандидаты Жанагүл Тұрсынова және «Мұрагер» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Айдос Смағұлов.

Монография 3 бөлімнен тұрады: Атап айтқанда: Тарихнама мәселелері және тарихи кешен мінездемесі; ҰОС майданындағы әйелдер. Орталық Қазақстан әйелдері соғыс жылдарында; Тылдағы әйелдер. ҰОС жылдардағы Орталық Қазақстанның күнделікті өмірі атты тақырыптардан тұрады. Сонымен қатар, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты қорынан фотоқұжаттар, ардагерлердің жеке мұрағатынан фотоқұжаттар, майдандағы және тылдағы батыр әйелдер, ҰОС қатысқан майдангер әйелдер тізімі соғыс кезінде тылда еңбек еткен Орталық Қазақстан әйелдерінің тізімі енген.

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанов тарихи-танымдық кітаптың дүниеге келуімен құттықтап, әйел-аналардың қоғамдағы жанкешті ерлігі мен еңбегін тілге тиек етті. Облыстағы Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Тамара Еремеева, монография рецензенті, профессор Валерия Козина және тағы басқалары монографияның маңыздылығына тоқталды. Монография студенттерге, оқытушыларға, тарихшыларға және отандық тарихқа қызығушылық танытушыларға ұсынылады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 634
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px