Мереке күнгі тамаша тарту - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғырту – әлеуметтік саясаттың басты басымдылығы.

Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Нұра ауданының Көбетей ауылында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана қаласының туған күніне орай жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория қолдануға берілді.

Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру, «350 дәрігерлік емхана» бағдарламасы аясында ұлтымыздың денсаулығын нығайту үшін қолға алынып жатқан игі шаралардың бірі – заман талабына сай жаңадан салынған ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты. Бұл жергілікті тұрғындардың өмір сапасы мен денсаулығын жақсарту мақсатында салынып отыр. Ашылу салтанатына аудан әкімі Ниқанбай Омарханов, аудандық мәслихат хатшысы Төлеген Оспанов, мәслихат депутаттары, ардагер дәрігерлер мен ауыл тұрғындары тегіс жиналды.

– Ауыл тұрғындары үшін маңызды істің басы қайырылды. Халықтың денсаулығы – ұлттың саулығы. Елбасының тапсырмасы бойынша ауылдық жерлерде осындай 350 ғимарат салынып жатса, соның үшеуі біздің Нұра ауданында болса, соның бірі сіздердің ауылдарыңызда, – деді Н.Омарханов.

Шара барысында ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Еділ Тұранов жергілікті тұрғындар атынан ризашылықтарын білдірді. Бастаған істі ыждаһаттылықпен атқарған құрылыс фирмасы «Аспан» өндірістік кооперативіне де ерекше алғыс білдіре келе, осы құрылыс басталғалы басы-қасында сапасын бақылап жүргенін де айтып өтті.

Ауылдағы «Черниговский и К» серіктестігінің директоры Анатолий Литвиненко ауыл тұрғындары мен ақ халатты абзал жандарды жаңа ғимаратпен құттықтап, аудан әкімі атынан техникалық құрал сыйға тартты. Аудандық орталық аурухана директоры Б.Мұқышева да өз кезегінде тұрғындар мен әріптестерін құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Емдеу мекемесінің лентасын медицина саласының ардагері Бақтан Абдрахманов пен ауыл тұрғыны, көп балалы ана, Алтын алқа иегері Мәрзия Сүлейменова апайымыз қиды. Қазақы салтпен шашу шашып, ән-жыр төгілді.

Бұған дейін ауыл халқы екі бөлмелі пәтердің біріне орналасқан дәрігерлік амбулаторияға келіп қаралатын-ды. Енді міне, құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген 120 млн. теңгеге салынған жаңа мекеме есігін айқара ашты. Амбулатория медициналық жабдықтармен барынша жабдықталған. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, жаңа ғимарат тек халық игілігіне қызмет көрсеткей.

 

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

 

НҰРА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2548
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px